Байланысты: Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері
Қоғамдық денсаулықтың деңгейлері. Адамдардың тұтастығының өмірлік іс-әрекеті қобалжу, шаршау, патологияның деңгейімен және соңғы кезекте соның денсаулығымен мінезделеді. Денсаулықтың сапасын айыптайтын сандық шаралар жоқ, тек қана адамдық тұтастықтың денсаулығының деңгейінің көрінісі бар. Денсаулық деңгейі – Қоршаған ортамен белгілі қара-қатынаста болатын, динамикалық тенденциялары, құрылымы, спецификалық орналастырылуы мен территориялық ұйымы бар, тұрғын халықтардың орнын толтыру барысында қарастырылатын әмбебап белгі. Адамдардың денсаулық деңгейі экзогенді (табиғи және әлеуметтік) және эндогенді (жынысы, жасы, дене бітімі, тұқым қуалаушылығы, нәсілі, жүйке жүйесінің типі және т.б.) элементтердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады.
Ең кең түсіндірмеде денсаулық деңгейі – бір тұтастық құрайтын жеке адамдардың, ортақ демографиялық, медицина-статистикалық, антропометриялық, тектік, физиологиялық, иммуннологикалық, жүйкелік-психикалық белгілердің жиынтығы. Белгілердің жиынтығы оқылып жатырған тұтастықтың өмір сүру қабілеттілігін және жұмысқа қабілеттілігін, физикалық дамуын, ауру-сырқауларын, тұтастық мүшелерінің өмір сүруінің орташа ұзақтығын, сау ұрпақ қалдыруға қабілеттілігін айқындауға мүмкіндік береді.
Жеке алған адамның денсаулығының күйі – түбегейлі дәрежеде кездейсоқ құбылыс. Ол көбінесе эндогенді факторлармен байланысты болуы мүмкін. Адамдардың жеткілікті өкілетті тобының денсаулық деңгейі (орташа деңгейлі денсаулығы) – әрдайым қоршаған ортаның жергілікті тұрғындарға пайдалы немесе келеңсіз ықпалдарының көрсеткіші болып табылады.
Қоғамдық денсаулықтың сапасын «өлшеу» процедурасы көрсеткіштер қатарымен іске асады. Олар: ересек адамдар, жасөспірімдер мен балалардың ортақ және алғашқы ауру-сырқауы, жұмыскерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы, госпитализация, өндірістік және тұрмыстық жарақаттарға байланысты мүгедектік, өмір сүру ұзақтығының күтілімі, стандартты өлім-жітім, нәрестелік өлім-жітім, аналық өлім-жітім, өлімнің себептері, потенциялды өмірдің жоғалтылған жылдары. Бұл көрсеткіштердің қолданылуы аймақтық салыстырулар өткізіп әр түрлі денсаулық деңгейлі өңірлерді ерекшелеуге мүмкіндік береді. Бұл процедура тұрғын халықтың денсаулығының деңгейін жоғарылатуға бағытталған әртүрлі текті шаралар өткізуде үлкен мән алып жатыр.
Адамдардың салыстырмалы көптеген тұтастықтарының популяциялық денсаулығының сапасы ересектер мен балалардың жеке арнайы дәрігерлік тексерулер жолымен білінетін «денсаулық топтарын» анықтау жолын қолданумен бағаланады. Дәрігерлік тексеруден өткен барлық адамдардың жиынтығын физикалық күйі туралы обьективті медициналық анықтамалар негізінде бес топқа бөліп жатыр :
Дені сау;
Функционалды және кейбір морфологиялық өзгерістері бар
(бастан кешірілген аурулар, жарақаттардан кейінгі функционалды аурулары бар, бірақ созылмалы аурулары жоқ) дені сау адамдар;
Организмнің негізгі функционалды мүмкіндіктері сақталған, ағымды (созылмалы) ауру адамдар;
Ұзақ ағымдағы (созылмалы) ауруы бар;
Төсек тәртібінде жатқан ауыр науқастар, 1-2 топ мүгедектері.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ) дәрігерлік тексеру сәтінде халықаралық танылған жас шекарасына: 1жылға, 15 жасқа, 45 жасқа және 65 жасқа жеткен адамдардың денсаулық деңгейін бақылауды ұсынып жатыр. Сонымен қатар тұрғын халықтың әрбір аймақтық топтарының өңірлері ішіндегі денсаулық өзгерістерін айқындауға және өзара салыстыруға обьективті мүмкіндік туады. Денсаулықты бағалау нәтижесінде оның деңгейі туралы айтуға болады, мысалы, денсаулық деңгейі биік тұрғын халықтары бар өңір немесе популяциялық денсаулық деңгейі төмен ел және т.б. Денсаулық деңгейі адамдардың тұтастығының белгілі өмір сүру шарттарына бейімділігінің дәрежесін көрсетіледі.