Байланысты: Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері
Қоғамдық даму және денсаулық типтері. Халық денсаулығының кеңістік пен уақытта таралуының нақты заңдылығы бар. Бұл құбылыстың ортақ заңдылығы белгілі классификация шеңберлерінде бақылануы мүмкін. Денсаулық сапасының өзгеруі жекешеленген емес, адамзаттың ілгері дамуына тәуелді болатын процес. Сондықтан, популяциялық денсаулық классификациясының негізінде адамзат қалыптасуының кезеңдерімен тығыз байланыста болатын, әлеуметтік-тарихи денсаулық типін ерекшелеу жатыр.
Американдық зерттеуші М. Терристің айтуынша, денсаулық типтерінің тарихи масштабта ауысуы эпидемологиялық революциялар кезінде болды. Бірінші эпидемологиялық революция халықтың мезгілсіз өлімінің бір топ себептерін жоюға әкелді, түбегейлі шарада бұл инфекциялық және паразиттік ауруларға, балалар өлімінің биік көрсеткішіне жатады. Екінші эпидемологиялық революция дамыған елдерде, сол елдердің тұрғындарының өлім себебі ретінде иммунотерапия, химиотерапия, жаппай хирургиялық опалармен емдеуге келетін түгел дерлік «таңдалуы» кезінде болды. Қалған өлім себептері дүниежүзілік аурулар ғылымының дамуы дәрежесінде емделмейтін топқа тіркелді. Бірақ олардың фатальді нәтижесі алыстатылуы, кешіктірілуі мүмкін.
Қазір өмірді зейнеталды жастан биологиялық ақталған өмір ұзақтығына дейін ұзарту, дене салмағы аз мерзімінен ерте туған балаларды құтқару, сонымен қатар еңбек пен тұрмыс шарттарын реттеу арқасында барлық жастардағы кездейсоқ өлім санын азайту мүмкін. Бұрын ифекциялық және паразиттік аурулардың басым бөлігі өлім деңгейін жоғарлатып, өмір сүру ұзақтығын қысқартты. Бұл тәуелділік тура болатын – аурудың жоғары көрсеткіші өлімнің жоғары көрсеткішіне әкелді. Қазір дамыған елдерде бұл жағдай түбірімен өзгерді. Құрамда әртүрлі созылмалы, көптеген жылдар ішінде нақты нәтижеге әкелмейтін аурулармен ауыратын қарт кісілердің көбеюімен, бұл аурулар өлім-жітімге еш қатысы жоқ. Бүгін ауруы бар адам ұзақ өмір сүре алады. Өлім-жітім ауру-сырқау көрсеткіштерінің біркелкі жоғарлауы мен халықтағы созылмалы аурумен ауыратын аурулардын контигентті жинақталуынан төмендей алады.
Популяциялық денсаулық типі денсаулық деңгейінің сипаттамасы үшін қолданылатын, медициналық-демографиялық көрсеткіштер үлкендігіне байланысты анықталады. Денсаулық типі адамзаттың әртүрлі тарихи даму кезеңдерінде өзгеріп отырған.
Қазіргі кезде біздің ғаламшарымызда палеолиттен бастап, бұрын болған қоғамдық денсаулық типтерінің барлығы дерлік сақталған. Бірақ, белгілі бір денсаулық типі бар халықпен бос емес территорияларға байланысы күрт өзгерді.
Географияда біз қарастырып жатқан проблемаға қолдану орынды болатын, географиялық эргодиялылық заңы кең қолданылады. Осылайша, көрнекті географ Ю. Г. Саушкин бұл байланыста белгілі территориялық кезекте орналасқан аудандар тарихи дамудың әртүрлі кезеңдерін көрсетеді және кеңістіктік профильдерді анализдай отырып, уақыттағы дамудыелестетуге болады деп жазды.
Расымен де, егер популяциялық денсаулықтың көрсеткіштерін кезекке тұрғызсақ, мысалы, Амазонка бассейніндегі алғашқы қауымдықтайпалар→Гвинеятұрғындары→СьерраЛеоне→Гаити→Зимбабве→Мексика→Аргентина→Канада→Жапония,сонда,біріншіжақындатудаадамзаттыңерте палеолиттен постиндустриялды қоғамға көшуінде денсаулықтың өзгеруінің ортақ заңдылықтарының суретін қалпына келтіруге болады.
Бұл кеңістікті-уақытша өлшеуде Ресей тұрғындарының популяциялық денсаулығын мінездейтін нүктені табуға болады. Бұл нүкте Аргентинаға қарағанда Зимбабвеге жақын орналасқан, ал ресейлік кейбір региондар өмір ұзақтығынан Зимбабведен артта қалып жатыр.
Популяциялық денсаулықтың 5 типін айқындауға болады:
қарапайым – популяцияның тұрақты зорлық өлім қаупімен қарапайым тірі қалуы;
постқарапайым – халықтың көпшілігінің эпидемиялар мен аурулар әсерінен туатын үлкен мүмкіндігі бар, салыстырмалы түрде қысқа өмір сүруі;
квазимедрлі (экономикалы дамыған елдердің заманауи денсаулық типіне жақын);
модернді (экономикалы дамыған елдердің заманауи денсаулық типі);
постмодернді (келеңсіз жағдайлар туындамаса, жақын болашақта қалыптасатын қоғамдық денсаулық типі) – барлық популяцияның толық бақытты өмірі.
Уақыты бойынша ең көп созылған, адамзат тарихының ең ерте кезеңінде популяциялық денсаулықтың қарапайым типі болды. Ол палеолитте тағайындаушы экономика шарттарында, яғни, жеуге жарамды өсімдіктер жинау, аңшылық, балық аулаумен айналысқан адамдарға тән болған.
Сүйек қалдықтары арқылы айқындайтын, тас заманы адамдарының орташа өмір сүру жасы шамамен 20 – 22 жас. Балалардың өлімін (1 жасқа дейінгі балалар) бұл периодта орташа көлеммен 1000 балаға шаққанда 500 деп санауға болады. Сәл жоғары жастарда бала өлімі өте жоғары болған. Жайсыз жылдары жеке топ немесе тайпа көлемінде тек барлық нәрестелер ғана емес, сонымен қатар үлкен балалар, қарт адамдар өлуі мүмкін болған.
Палеопатологиялық зерттеулер (ерте адамдардың ауруларын зерттеу) алғашқы қауымдық аңшылар мен жинаушылардың сүйек қалдықтарынан әртүрлі ауыр өзгерістер: анкилоздар, остеомиелит, некроз, рахит, тіс кариесі, жақ аурулары, периоститтер, омыртқа жотасының бұзылуы, деформациялайтын артриттер байқауға мүмкіндік берді. Алғашқы қоғам адамының ауруы мен өлім себебінің бірінші орнына оның аңшылықта немесе басқа топтардың өкілдерімен араласуларында алған жарақаттарды қойған жөн. Травматизм үнемі өлімге алып келген жоқ. Бұған дәлел – біздің алыс ата-бабамыздың сүйектеріндегі сүйек сүйелі. Сөзсіз, әртүрлі аурулардың себебі-аштық, оның құрбандары ең алдымен қариялар мен балалар болған. Әйелге үй шаруасының негізгі ауырлығы тигендіктен, әйелдердің ерте өлімі де көп кездесті, бұған ерте бала туу да ықпал етті.
Адамның қалыптасуының бастапқы баспалдағында қазып алынатын қалдықтардың ортасында биогеохимиялық жағдаймен байланысы айқындалып, тістерден кариоз және толық қираған коронкалы жақтар жиi табылады. Тропикалық аудандарда тұратын тұрғындар шын мәнісінде малярийден және гельминтоздардың көптігінен зардап шекті.
Адамгершілік қоғамды дамытудағы ең маңызды қадамы адамдардың аң аулау сатысынан өтіп, сонымен қоса егін және мал шаруашылығына келуінен басталды. Бұл жаңа саты тас саймандардың мұқият және нәзік өңделуімен ерекшеленіп жаңа ғасыр неолит дәуірінің пайда болуына әкеліп соқтырды. Өзіне тән экономикалық өткелден өткен соң оны жасаушы неолиттік революция деп аталады. Бұл этаптағы адамдық қоғамның қалыпты әрі орташа өмір сүру деңгейі аң аулау және терімшілер этапынан бірнеше саты жоғары болды. Меншікті салмақ артып, жарақаттар мен аштықтан өлім саны көбейді және инфекциялық ауру түрлері де пайда болды. Бұрынғыдай нәрестелік және балалардың өлімдері көбейді.
Аң аулаушылар, терімшілер, балық аулаушылар өздеріне қорек жинау барысы кезінде бір орыннан екінші орынға ауысып жүрсе, ал неолиттік тұрғындар отырықшы немесе жартылай отырықшы шаруашылықпен айналысатын жерінде тұрақтап қалып жүрген. Неолит дәуірі қолөнершілердің жетістігімен және тұрғылықты халықтардың тығыздығымен техникалық жетістіктермен соның ішінде камия және соқаның қолданылуымен ерекшеленеді.
Әр түрлі мамандық иелері анықтай келе диқаншылық дәуірде адам топтарының өмір жасының ұзақтығы қоректік өнімдерінің негізгі санымен реттелетіндігін айтқан. Шыныменде, отырықшы және жартылай отырықшы мал шаруашылықтары көшіп қонуға және табиғи өзгерістерге әкелгенімен қоймай адам мінезінің өзгеруіне де өз септігін тигізді.
Неолит дәуіріндегі адамдардың арасында инфекциялық яғни паразиттік ауру түрлері өрши түсті. Мұндай ауру түрлерінің таралуына байланысты сол кездегі адамдардың өмір сүруі мен қорек түрлері де өзгеріп сала берді. Мұндай жұқпалы ауру түрлеріне малярий, кішігірім гельминтоздарды және іш сүзегін жатқызуымызға болады. Осындай ауру түрлерін жұқтырған адамдар сол баяғы өмір салтымен өмір сүріп жатқандарға жаңа паразиттік ауру түрлерін қоса жұқтырды. Бұл жұқпалы ауруға іш сүзегі ауруыда негіз бола алады.
Адамдар өмір сүру үшін бірнеше процестерді басынан өткізді, атап айтатын болсақ аң аулаушылық, балық аулау, жабайы аңдардыаулау оларға ор қазу және т.с.с. Осының барысында барлық мүмкін деген жануарлардан аурулар жұқтырып осының барлығына себепші болды. Осының әсерінен жануарлар табиғатынан бір ауру қалыптасып сол күйі сақталып қалды, ал қалғандары адамдардың ауруларының жиілеуіне әкеліп соқтырды. Мұндай түрлеріне мысал ретінде шешек немесе асқынған қызыл шешек ауруын, риккетсиоздың әсерінен пайда болатын бөртпе сүзегі сияқты ауру түрлерін жатқызуымызға болады.
Алғашқы егіншілер кезінен-ақ тыныс жолдарынан инфекциялар және ішек инфекциялары сонымен бірге инвазия ауруларының болғандығын болжап айтуымызға болады. Ауылдық жерлердегі яғни кенттердегі қөмір санитарлық мәселелердің ушығуына әкеліп соқтырды. Кенттердегі көптеген астықтар мен қоқыстардың жиналып тұруы жабайы аңдардың назарын аударып түрлі инфекциялық ауруларының пайда болуының негізгі обьектісі болды. Қоныстағы адамдардың тұратын жерлерінде тышқан және егеуқұйрықтар пайда болып, олар кейін бұл инфекцалдық ауруларының пайда болуына әкеп соқтырды. Ауруды қоздырғыштар орманды және далалы ландшафтты жерлерде өмір сүретін үй жануарларынан жұқты. Масалардың жинақталуынан және қан сорғыш қанаттылардан ең қауіпті деген аурулар қыстақтағы адамдардың үй шаруашылығына байланысты туындады. Безгек ауруының тарауы егіншілікке қажетті ормандарды шабуға әкеліп соқтырды. Өздерінің тұрғын үйлерін салып болған соң ештеңеден күдіктенбеген қыстақ тұрғындары қалай өздеріне түрлі ауру түрлерінің дамуына жол бергендігін түсінбеді. Көптеген қамыс сияқты түрлерден жасалған үйлердің қабырғаларынан кенені және бертін келе масалардың да қаптауына әкелді. Неолиттік егіншілер өте қиын ирригациялық құрылыстарды тұрғызуға икемді болды. Егіншілерге ауыл шаруашылық жануарларын өсіру адам денсаулығына да маңызды рөл атқарды. Жануарлардан жұғатын адамдар үшін ең қауіпті ауру ол- бурцелез. Аң еттерінің жетіспеушілігінен гельминтозды көптеп жұқтырып оның соңы трихинеллозға әкеп соқтырды. Трихинеллезза ауруы ертедегі йудеилерден келген, бірақ бертін келе ислам шариғаты бұған шек қойды яғни азыққа шошқаның етін қосып жеу ауруға соқтырады деді.
Қоректің сапасыздығы және аздығы көбіне аштыққа итермелеп отырды. Бұл ертедегі күріш өсіретін аудандарда болатын бери-бери ауруын туғызды. Палиопатологтар – бұлар ертедегі адамдардың патологиясын зерттейтін маман иелері. Неолит дәуіріндегі егінші мүрделерін зерттей келе травматизмның белгілері аңшылар мен терімшілерге қарағанда көп кездесетіндігін айтты. Егіншілердің өсімдік текті қоректерге ауысуы авитаминоз және гиповитаминозға әкеліп соқтырды, яғни тура сол кездері білмей түрлі балық, ет және жануарлардың қандарымен қоректену кезінде өздеріне қалай ауру тудырып алғандарын байқамаған аңшылар сияқты. Кейбір аудандардағы бүйректегі йод жетіспеушілігінен эндемиялық зоб ауруы пайда болды. Төрт мың жыл бұрынғы зоб ауруларын еске түсіретін болсақ, қытай және үнді медициналық трактаттарынан байқаймыз. Егіншілік басқа да биогеохимиялық эпидемиялардың пайда болуына себепші болды. Д.Г Рохлин өзінің «Ертедегі адамдардың аурулары» атты еңбегінде Сібірдегі неолиттік кеш көшіп қону кезеңінде Кашина- бека атты аурудың яғни кальциийдің жетіспеушілігінен пайда болатын аурудың болғандығын жазып кеткен.
Келесі тарихи кезеңге көшу уақытысындағы өзгерістер аграрлық экономикадан аз ғана ерекшеленді. Бұл кезеңдегі табиғатта денсаулық жағдайы қысқа өмір сүретіндермен салыстыра отырып өлімге себепші болатын эпидемиялық өткір аурулармен бірге аштық, авитаминоз, гиповитаминозбен сипатталды.
Өлімді өз ішінде екі компоненттен бөліп қарастырды. Біріншісі, қалыпты өлім яғни қандай да бір табиғаттың немесе экстремальды жағдайларға байланысты болса, катастрофалық өлім жағымсыз жағдайлардың әсерінен анығын айтқанда соғыс, эпидемиялар сияқты негізгі жәйттардың кесірінен болды. Негізі адамдардың көп бөлігі ішкі себептерден қаза тапты. Адамдардың орташа өмір сүруі 70 жыл болса, ол ешқашан 35жылға көбеймеген. Балалардың өлімі 200 ге жуықтаса, ал жаңа туылған сәбилердің өлімі 1000-нан асты.
Өнеркәсіптік революция адамдардың өмір сүру үлгісін өзгертті. Осыған байланысты адамдардың ұзақ өмір сүруінде әлеуметтік-экологиялық факторлармен қоса аздаған спецификалық факторлар да маңызды рөл ойнады. Яғни, бұл жерде жаңа санитарлық-гигиеналық шарттар мен қоса ғылыми-техникалық және мәдениеттік прогрестермен тығыз байланысы жаңа медицинаның рөлін айтып тұр.
Елдегі өнеркәсіптік революцияның басталуы жаңадан аяққа тұрып жатқан индустриалды дамумен бірге жаңа қоғамдық денсаулықтың пайда болуына әкелді. Қала және ауылдық жерлердегі кедейлердің қабаттары жалпы қоғамдық денсаулық түріне көшірді. Адамдардың өмір сүруінің ұзақтығының деңгейі басқа елдермен салыстырғанда 15-20 жылға ұзарды. Швецияда 1796-1896 жылдар аралығында ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы 35,5 пен 55,7 болса, ал әйелдерде 39,4 пен 59,3 жастар аралығы болды. Ал балалардың өлімі 200ден 85 ке қысқарды.
Квазимодерлық ауру яғни өлім жағдайына дейін әкелетін көбіне жастар мен кәрілерде жүрек талмасы, онкологиялық ауру және улану немесе оқыс оқиғалардың кесірінен болып тұрады. Бұндай жағдайда бұл аурулар асқынып ақыр соңында ең жаман ауру туберкулез ауруына шалдықтырады. Квазимодерндық типтегі денсаулықтағы елдердегі орташа өмір сүру ұзақтығы 60-68 жыл. Алсәбилердің өлімі әрбір 1000 сәбидің 15-30 құрайды.
Мұндай типтегі денсаулығы бар елдер индустриалды дамуға кеш келген не болмаса бұрынғы кездердегі Отансоғысы және тоталитарлық жүйе кездерінде артта қалушылареді.Негізінде квазимодерндық типтегі нағыз ел ол Ресей және оған Батыс Еуропаның көптеген елдерін және Орталық және Оңтүстік Американың, бөліп қарайтын болсақ Африка және Азияның бірнеше қалаларын жатқызуымызға болады.
Экономика жағынан дамыған елдерде модерндік типтегі денсаулық қалыптасқан. Шығыс Еуропаның көптеген қалалары мен Солтүстік Америкадағы ортақ ұқсас белгілер ХХ ғасырдың ортасында аяқталса, Оңтүстік-Батыс және Батыс Азияда соңғы екі жүз жыл ішіндегі экономикалық дамудың нәтижесінде осы модерндық типтегі денсаулық қалыптасып қазірге дейін яғни ХХғасырға дейін жетті.