Оқу құралы Қостанай 2016


Тұрғындардың денсаулығының деңгейі



бет17/62
Дата03.12.2023
өлшемі368,75 Kb.
#133231
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
Байланысты:
Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері

Тұрғындардың денсаулығының деңгейі. Қоғамның денсаулығының сапасын немесе деңгейін медициналық – демографиялық ауруды, инвалидтік, өлімді анықтау коэффициенті арқылы бағалап немесе «өлшеуге» болады. Денсаулық деңгейі – қауым адамдарының өмірдің белгілі бір жағдайына (антропоэкологиялық жағдайлар) бейімделу көрсеткіші. Ол табиғи, әлеуметтік экологиялық-гигиеналық жағдайлардан тәуелді және адамдардың қауымдарының қалыпты өмір сүру жағдай ыңғайының деңгейін көрсетеді.
Табиғат факторларының денсаулыққа әсері күйзеліске келтіруі мүмкін, жүрек – қантамырлары ауруларына, кейбір онкологиялық ауру патологияларына, (мысалы, тері ауруы), эндемикалық аурулардың дамуына (тіс кариесі, эндемикалық зоб), табиғи – ошақты аурулар жұқтыру, стихиялық апаттар кезінде т.б.
Техногенді факторлардың тұрғындардың денсаулығына әсері келесі жағдайларды тудырады:
1) денсаулығы тұрақсыз адамдарда жұмысқа деген және әлеуметтік белсенділігінің төмендеуі;
2) тек қана қазіргі кезге емес, болашақ ұрпаққа да тұқымқуалаушылық ауруларға алып келетін, генетикалық ауытқулардың пайда болуы;
3) онкологиялық аурулардың пайда болуы (дүние жүзінде олардың саны үнемі өсіп келе жатыр);
4) ластанған ауданда тұратын балалардың денсаулығының нашарлауы;
5) еңбекке жарамды тұрғындардың асқынған аурулардың санының өсуі және осыған байланысты жұмысқа ауру бойынша шықпау жағдайының артуы;
6) жоғары ластану ортада тіршілік ететін адамдардың өмір ұзақтығының қысқаруы;
Демографиялық мінез-құлық. Оның нәтижесі демографиялық жүйе арқылы көрінеді, жергілікті антропологиялық зерттеу кезінде көбірек қызығушылық тудырады. Демографияның негізгі түсінігіне, адам экологиясына негізгі түсінік беретін: туылу, өлім, тұрғындардың қозғалысы, өмір ұзақтығы, тұрғындардың өмір әлеуеті, тұрғындардың миграциясы жатады. Тұрғындардың демографиялық мінез – құлығы, оның кез-келген көрінісі сияқты сыртқы факторларға байланысты. Мысалға, қоршаған ортаның ластануы тұрғындардың репродуктивті мінез-құлығына әсер етеді. Осылай, техногенді әсер тек қана ластанған аудандарда тұрғындар баланың ауру болып тууынан қорқыныш себебінен балалы болудан сақтанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет