Байланысты: Суюндикова Ж.Т. Адам экологиясының негіздері
Отбасының өмір салты. Шағын әлеуметтік-психологиялық топ ретіндегі отбасының маңызды көрсеткіші – отбасылық өміріне қанағаттану. Бұл көрсеткіш отбасының тұрақтылығын жорамалдауға мүмкіндік береді. Отбасының өмір салтының бағдары, бәлкім, отбасының шағын әлеуметтік-психологиялық топқа тәуелділігі айқын түрде дәлелдейді. Екі көрсеткіш те қиын құрылымға ие және отбасы шағын топ ретінде де, әлеуметтік институт ретінде де бірлік баға қажет.
Үрдіс ретінде отбасы өмір тіршілігі бірнеше сатыға бөлінеді: 1) жас отбасы; 2) балалы отбасы:а) кішкентай, б)орта жастағы, в) үлкен жастағы, г) өз отбасын құрған.
Әр саты өзіндік ерекшеліктер мен өзіндік қарама-қайшылықтарға ие. Жас жұбайлардың жеке өміріндегі бейімделу кезеңінде бір-бірін шынайы қабылдау дағдысы және отбасына бағдарлану болады. Өзіне жауапкершілік ала алмайтын және ата-ана рөлін атқара алмайтындарға бұл өмірде жаңа білім іздеуді жөн көреді. Балаларды тәрбиелеу мен дербес ету міндетін шешу мүмкіндігі тууы мүмкін, олар үшін тек ішкі отбасылық дағдымен қатар отбасынан сыртқы да дағдыларға үйрету қажет. Соңында, есейген балалар үйден кеткенде араласпау мәселесі қамтамыз етіледі.
Туындаған қарама-қайшылық пен қиындықтар отбасы бірлігі секілді әлеуметтік-психологиялық феноменнің қалыптасуына септігін тигізеді. Бұл бірлік үш негізгі деңгейден тұрады. Біріншісі, еркек пен әйелдің және олардың балаларының арасында, қарттар арасында, орта және кіші жастардың арасындағы қарым-қатынастарды эмоционалды және тұлғааралық тікелей қалыптастырады. Екіншісі, ортақ жанама қызметтен ерлі-зайыптылар және басқа мүшелердің арасында туындайтын құнды-бағдарланған бірлікті өзіне ұсынады. Үшіншісі, отбасы мүшелерінің ортақ еңбекке, табиғатқа, қоғамды бірлікте және оның өмірге көзқарасын, тағы көптеген қарым-қатынастан туындайтын терең байланыстарды қосады.
Қазіргі әлеуметтік зерттеулер ерлі-зайыптылар бірлігі олардың арасындағы қарама-қайшылықтардан айырмаған, ол отбасының шағын топ ретінде белгілі дисфункциянарлықты жеңетінін куәландырады. Тіркеусіз отбасының барлық бірлік деңгейі, барлық шағын әлеуметтік-психологиялық топтардың қалыптасу үрдісінде туындайтын мәселелері, зерттеулер сөзсіз өзінің өзгешелік жүйесін жояды.