ОқУ ҚҰралы қостанай, 2022 удк ббк рецензенттер


-ТАҚЫРЫП ІІО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АЗАМАТТАРМЕН КӘСІБИ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ



бет17/40
Дата25.11.2023
өлшемі249,5 Kb.
#126734
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
5-ТАҚЫРЫП ІІО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АЗАМАТТАРМЕН КӘСІБИ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ


1. Адамдардың қарым-қатынасы жөнінде жалпы түсінік
2. Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі


1. Адамдардың қарым-қатынасы жөнінде жалпы түсінік
Адам аралық қатынас дегеніміз – қарапайым да күрделі мәселелердің бірі. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз күн кешуіміз мүмкін емес. Жалпы қарым – қатынасты ақпараттың негізгі көзі немесе тұлғаның даму жолындағы адами қасиеттерінің қалыптасу қайнар көзі ретінде де қарастыруға болады.
Қарым – қатынас дегеніміз бұл – біріккен іс - әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өз – ара түсінісуі, бір – бірін қабылдауы және т,б болып табыла
ды.
Адам арасындағы қатынастардың түрлері : жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы болып бөлінеді.
Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек-көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдікдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр адамның қоғамдағы орны мен міндетіне тәуелді болмайды. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жек-көруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.
Қызметтік: қатынастар әлеуметтік топ немесе мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқығы мен міндеттеріне орай қалыптасып отырады.
Егер де ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар дара қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі немесе одан да көп адамдардың жиынтығы ретінде қабылданса ол, топтық қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар – қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде қалыптасады, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қайшылық болмай, өз-ара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой көтереді.
Ал адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде дау-дамайлы, жанжалды қатынастар туындайды.
Бұл қатынастардың бәрі өмірде адамдардың бір-біріне беретін бағалары мен мініздемелерінде, әр адамның басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезімінде көрініс беріп отырады.
Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі өмір сүруі қиынға соқтырады, себебі әр-бір жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды.
- Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерін тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілер мен қатынасынан сол ортаның көніл-күйі айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәтті орындалуы, немесе кедергіге ұшырауы мүмкін.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын, қолайсыз құбылыс – бұл остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар көпшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан тыс қалады, бір сөзбен айтқанда еленбейді. Осыдан өзі қатарларынан оң қатынас таба алмай, соңында адамгершілік қасиеттерінен айырылып, кауымдық өмір тіршілігінен тыс қалғандар да кездеседі.
- Адам аралық қатынастардың тағы бір ерекшелігі, ол олардың эмоционалды болуына да байланысты.
Олар әрқашан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады.
Көңіл-күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді: бүгінгі тәп-тәуір сыйлы қатынас күн өтпей-ақ кері сипатқа енуі баршаға аян құбылыс.
- Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, әдетте, көңіл-күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне тәуелді болмауы қажет.
Бірақ өмірде жеке және қызметтік қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен қызметтік қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады; екіншіден, қандай да бір тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызметтік қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет