Белсенді оқу - оқушыларға эксперимент жасауға, мағына құрып, түсінік қалыптастыруға, жаңа білім мен бұрынғы меңгерілген білімнің арасында байланыс орнатады, қателік жіберу, барынша терең түсінуге жетелейді.
Бірлескен оқу - құрылымдалған топтық жұмыс. Тұлғааралық және қарым- қатынас дағдыларын жақсартады; оқушылардың арасындағы кедергілерді жояды.
Саралау – әр оқушының оқудағы жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру:
түсінік пен дағдыларының дамуын қамтамасыз етеді;
Өз күшіне сенім мен уәжді арттырады;
Оқушыларға идеяларды терең түсінуге көмектесе отырып шығармашылыққа ынталандырады;
Барлық оқушылар үшін пайдалы;
Барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады;
Моделдеу - сарапшы мысал келтіреді және оны көрнекі үдерістердің көмегімен түсіндіреді:
Оқушыларға пән мазмұнын зерделей отырып, сарапшы ретінде ойлануға жетелейді;
Оқушылардың барынша тәуелсіз болуына жағдай жасай отырып, тапсырманы кезеңдерге бөледі;
Үдеріс барысында рефлексия жасауға ынталандырады.
Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану:
Белсенді оқудың қызықты құралдарын ұсынады;
Уәждеу құралы бола алады;
Зерттеу, қарым -қатынас жасау, бірлесу және жүзеге асыру үшін қолдана алады;
Оқушыларға ақпарат іздеуге және өздерінің жеке құралдарын табуға мүмкіндік бере отырып, тапсырманы орындауда өз үлесін сезінуіне мүмкіндік береді;
Сыныптан тыс оқуға мүмкіндік береді.
Оқу диалогтері – оқушылардың тапсырмаларды талқылауы
Тапсырмаға өз үлесі бар екенін сезіндіреді;
Оқушылардың өзара білімі мен дағдылар алмасуына жағдай жасайды;
Барынша терең түсінуге ынталандырады;
Оқушылардың өздерінің ілгерілеуі туралы рефлексия жасауына және әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді;