Оқылым
|
«Пирамидалық талқылау» стратегиясы
|
Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.
|
Стикерлермен жұмыс
|
Жаңа сөздерді жаттаудың бірнеше жолы бар. Яғни жазылған сөздерді бір рет оқып, 1 сағаттан кейін қайта қарау. Бір тәуліктен кейін қайталап оқып, мағынасын еске түсіру.Бір аптадан кейін тағы бір оқып шығу және бір айдан соң тағы қарау. Бұл әдісті жүйелі орындау, сөздерді ұзақ есте сақтауға мүмкіндік береді.
|
Жазылым
|
«Фишбоун» белсенді оқыту әдісі.
Пайдаланатын мақсаты: Мәселені/тақырыпты талқылауға арналған жаттығу
|
Орындалу барысы: басы – тақырыптың мәселесі, үстіңгі сүйектері –тақырып-тың негізгі түсініктері, астыңғы сүйек-тері – себептері, құйрығы – мәселенің шешімі. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек, олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалар болуы мүмкін
|
«Қарлы кесек» тәсілі
Мысалы мақал-мәтелдер туралы мәтін оқыған соң мақал-мәтел жазылған
қағазды умаждап, бір-біріне лақтырады. Тосып алған оқушы сол мақалдың
мағынасын ашып, түсіндіруі керек.
|
Көпшілік білетін мақалдардың тізімін жасайды. Ең көп мақал жазған оқушылар өз тізімдерін сыныпқа оқиды, ал басқалары кейбір мақалдарды немесе сол мақалдарға қатысты сұрақтарды өз тізімдеріне қоса алады
|
Мұғалім – әдіс түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың тындалым мен айтылым дағдылары арқылы өздігімен жұмыс істей білуге, оқылым және жазылым дағдылары арқылы ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі әдістер мен шеберліктерді меңгеру арқылы қол жеткізуге болады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісінде интербелсенді әдіс-тәсілдер түрлерін пайдалану біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын белсенділігін арттырып сапасын көтеру болып табылады. Тұйық оқушылар сабаққа ынтасын артады және мінез құлқы қалыптасады. Оқуғадеген таным қабілеті артады. Оқушы ойын үстінде білімді игеріп жатқанын , ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Әр ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Завьялова О.А. Воспитание ценностных основ информационной культуры младших школьников. - Журнал «Начальная школа» №11, 2005.
Захарова Н.И. Внедрение информационных технологий в учебный процесс. – Журнал «Начальная школа» №1, 2008.
Иванов В.В., Зайцева С.А. Этическая составляющая в информационной культуре учителя. - Журнал «Начальная школа» №11, 2005.
Каминский В.Ю. Использование образовательных технологий в учебном процессе. – Научно-практический журнал «Завуч» №3, 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |