Оқу үрдісіндегі инновациялық әдістер мен технологиялар



бет2/5
Дата15.12.2023
өлшемі37,14 Kb.
#139571
1   2   3   4   5
Байланысты:
бастауыш инновация

Белсенді оқу - оқушыларға эксперимент жасауға, мағына құрып, түсінік қалыптастыруға, жаңа білім мен бұрынғы меңгерілген білімнің арасында байланыс орнатады, қателік жіберу, барынша терең түсінуге жетелейді.
Бірлескен оқу - құрылымдалған топтық жұмыс. Тұлғааралық және қарым- қатынас дағдыларын жақсартады; оқушылардың арасындағы кедергілерді жояды.
Саралау – әр оқушының оқудағы жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру:
түсінік пен дағдыларының дамуын қамтамасыз етеді;
Өз күшіне сенім мен уәжді арттырады;
Оқушыларға идеяларды терең түсінуге көмектесе отырып шығармашылыққа ынталандырады;
Барлық оқушылар үшін пайдалы;
Барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады;
Моделдеу - сарапшы мысал келтіреді және оны көрнекі үдерістердің көмегімен түсіндіреді:
Оқушыларға пән мазмұнын зерделей отырып, сарапшы ретінде ойлануға жетелейді;
Оқушылардың барынша тәуелсіз болуына жағдай жасай отырып, тапсырманы кезеңдерге бөледі;
Үдеріс барысында рефлексия жасауға ынталандырады.
Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану:

  • Белсенді оқудың қызықты құралдарын ұсынады;

  • Уәждеу құралы бола алады;

  • Зерттеу, қарым -қатынас жасау, бірлесу және жүзеге асыру үшін қолдана алады;

  • Оқушыларға ақпарат іздеуге және өздерінің жеке құралдарын табуға мүмкіндік бере отырып, тапсырманы орындауда өз үлесін сезінуіне мүмкіндік береді;

  • Сыныптан тыс оқуға мүмкіндік береді.

Оқу диалогтері – оқушылардың тапсырмаларды талқылауы

  • Тапсырмаға өз үлесі бар екенін сезіндіреді;

  • Оқушылардың өзара білімі мен дағдылар алмасуына жағдай жасайды;

  • Барынша терең түсінуге ынталандырады;

  • Оқушылардың өздерінің ілгерілеуі туралы рефлексия жасауына және әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді;

  • Оқушыларды қызықтырады және уәждейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет