Оқу сауаттылығЫ 1-сурет – pisa / функционалдық оқу сауаттылығы Мәтін №1 «ЕМ»



бет2/5
Дата14.11.2022
өлшемі305,26 Kb.
#50117
1   2   3   4   5
Мәтін №2 Дегелеңдегі жарылыс
-Айтуар! Айтуар! Ананы қара! Дегелең жақтан саңырауқұлақ шықты. Қара! Қарасаңшы! Саңырауқұлақтың үлкені-ай! Қып-қызыл от...Жалын...Күннен де жарық...Қара, қара деймін! Күн көрінбей қалды. О-охо-хо! Қызыл күн...Қызыл күн шықты...- деп Қажымұрат жартасқа жабыса айғайлайды. Бірақ мен жартас қуысына кіріп, қорыққаннан көзімді тарс жұмып, жер бауырлап жата бердім. Тұла бойым дірілдеп, менімен бірге бүйірімдегі қара жер де солқылдады. Маңайды дүріл басып, бетті жалын жалап, төңіректі жай отындай сәуле шарпыды. Шілде айының аптабынан да ыстық, күшті дауыл тұрды. ...Сол жылы күзде үздік оқитын Қажымұрат мектепке келмеді. Соқыр болып қалған оны әке-шешесі Алматыда емдетуге көшіп кетіпті.

  • Қара жер қандай күйге енді?

  1. Жылады

  2. Солқылдады

  3. Қайғырды

  4. Еңіреді

  • Жартас қуысына тығылған баланың аты кім?

  1. Қажымұрат

  2. Айтуған

  3. Алпамыс

  4. Айтуар

  • Төңіректі қандай сәуле шарпыды?

_____________________________
Мәтін Иә/ Жоқ
1Қажымұрат өзінің соқыр болып қалғанына кінәлі ме?
2Айтуарды қорқақ деп санайсыз ба?
3Сәуле мен дауылдың ортасында байланыс бар ма?

  • Сізше, Қажымұраттың сауығуына мүмкіндігі бар ма? Жауабыңызды дәлелмен келтіріңіз.

_________________________________________________________________------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  • Қазіргі таңда атом станцияларының салынуына сіздің көзқарасыңыз қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет