Оқу сауаттылығы. I нұсқа 1 мәтін Нұсқаулық


Оқу сауаттылығы IV нұсқа 1 мәтін



бет6/11
Дата19.04.2023
өлшемі447,04 Kb.
#84438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
модо тест соңғы (1)

Оқу сауаттылығы IV нұсқа 1 мәтін
Жомарт
Өте бай және жомарт бір кісі құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір жалшы адам бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ алып келеді. Сол сәтте бір күшік жалшының қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден деп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған жомарт кісі жалшының қасына жақындап сұрайды:

    • Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның барлығын күшікке бердің?

    • Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр.

    • Жарайды, ал өзің не жейсің?

    • Аш жүріп, ... сақтаймын.

1.Мәтіндегі жалшыға тән емес қасиетті табыңыз.
А) төзімділік В) қанағатшылдық С) қомағайлық Д) мейірімділік
2.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
А) емдәм В) сабыр С) достықты Д) сыр
3.Мәтіннен қандай қорытынды шығаруға болмайды? А) Жан- жануарларға мейірімді болу керек.
В) Адам өзі үшін ғана өмір сүрмеу керек.
С) Әрбір адам кез- келген сәтте қамқор бола алу керек.
Д) Адам ең алдымен өзін ойлау керек.
4.Жалшы қайда жұмыс істеді?
А) алма бағында В) құрма бағында С) бақшада Д) қырманда

2 мәтін


Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Аққу
Құстардың ең әдемісі, көлдің сәні- аққу. Оның түсі аппақ, мойыны ұзын, салмағы 7- 13 килограмға дейін жетеді. Ел аузындағы аңызға айналған талғампаз,тәкаппар сұлу құс. Халық оны «құс падишасы» дейді. Қазақ халқы аққуды қасиетті құс деп, оған тимей, қайта оның маңында, көбірек жүруді ұнатады. Аққудың сұңқылдап ұшқаны, айдын көлде кербездене жүзгені, кіршіксіз денесімен маң- маң басқан сазды қимылы- бәрі сұлу көрінеді. Олар наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан, тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып, қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасына салады. 3-7 жұмыртқаны 35 -40 күнде басып шығарады. Балапандары ширақ келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет