Оқу сауаттылығы
Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз
Қыл қобыз- ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры ол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш,
төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы-балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.
Қобыздың түріне жатпайтынын анықтаңыз.
А) нар қобыз
В) 4 ішекті қобыз
С)1 ішекті қобыз
Д)жез қобыз
2
. Мәтін бойынша қыл қобыз –
А) шертпелі аспап
В) ұрмалы аспап
С) жеңіл ойналатын аспап
Д) ысқышпен ойналатын аспап
3
. Қобыз туралы қате берілген мәліметті көрсетіңіз:
А)Сыры мол, күрделі аспап
В) Беті толықтай терімен қапталады
С) Қорқыт ата есімімен байланысты
Д) Ертеде бақсы-балгерлер қолданған
4. Мәтіннен эпитеттерді теріп жаз: ______________________________________________________
5
. Қобыздың бетін неге жартылай терімен қаптайды?
______________________________________________________________________________________
Мәтінді оқып берілген сұрақтарға жауап беріңіз:
Бір күні мұғалім сенбілік болатынын айтты. Барша жұрттың жұмысқа шығатынын және тегін еңбек ететінін түсіндірді. Мен сенбілік қашан болады деп күттім. Күткен күнге де жеттім. Жұмыс киімін киген бойда мектепке тартып келемін. Біз сапқа тұрдық. Әр сыныпқа арнаулы тапсырма берілді. Барлығымыз жұмысқа кірісіп кетті. Мектеп ауласындағы ағаштардың діңін ағарттық. Арықтарды тазарттық. Қаншама қоқыстарды зембілмен алысқа апарып тастады. Лезде аула іші тап-таза болып шыға келді.