Оқу сауаттылығы Морлэнд (1с)


Иммундауды кімдердің жасатқаны дұрыс?



бет3/9
Дата11.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#136972
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Иммундауды кімдердің жасатқаны дұрыс?
Өзін тұмаудан қорғағысы келген ӘРБІР адам.
Әсіресе оны 65 жастан асқандарға жасатуға кеңес береді. Бірақ жасы қаншада болса да, ол созылмалы аурумен, әсіресе жүрек пен өкпе ауруы, бронх демікпесі немесе диабетпен ауыратын адамдарға қажет.
Жұмыста ұжымның БАРЛЫҚ мүшесі үшін тұмау жұқтыру қаупі бар.
Иммундауды кімдерге жасатуға болмайды?
Жұмыртқа жеуге тыйым салынған, безгек ауруынан қатты қиналған адамдар мен жүкті әйелдерге болмайды.
Емделіп жүрсеңіз, иммундауды жасатуға қарсы көрсетім бар-жоғы жөнінде дәрігермен кеңескеніңіз жөн және бұрын тұмауға қарсы жасатқан екпеден кейін қиындықтардың болған-болмағанын анықтаңыз.
Егер 17 қарашадан бастап бір апта ішінде иммундау жасатуды жоспарласаңыз, онда 7 қарашаға дейін (жұма) Сергеева Ирина Николаевнаға хабарласыңыз. Күні мен уақыты «АКОЛ» ұжымы қызметкерлерінің көпшілігіне ыңғайлы болатын күн мен уақытқа, медбикенің мүмкіндігіне қарай белгіленеді. Егер иммундауды қыс басталғанша жасатамын деп жоспарласаңыз, бірақ белгіленген уақыт көңіліңізден шықпаса, онда мұны Ирина Николаевнаға хабарлап айтыңыз. Тілек білдіруші саны көп болса, қосымша уақыт белгіленуі мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін 5577 нөмірі арқылы Ирина Николаевнаға хабарласуыңызды өтінеміз.
A. Жаттығу мен пайдалы тағамға қарағанда тиімдірек, бірақ қауіптілеу.

B. Пайдалы, бірақ ол жаттығуды немесе пайдалы тағамды алмастыра алмайды.


C. Жаттығу мен пайдалы тағам секілді тиімді және көп күш қажет етпейді.


D. Қажет емес, егер сіз жаттығумен көп айналысып, пайдалы тағам тұтынатын болсаңыз.



6. Теңізде жоғалған жан (4)
Таң құрлықтағыдай ақырын атқан жоқ. Аспан бозарып, алғашқы жұлдыздар ғайып болды. Ал мен сағатыма бір, көкжиекке бір қараумен болдым. Теңіздің беті көріне бастады. Он екі сағат өтті, бірақ ол мүмкін еместей көрінген. Түн күндіздей соншалықты ұзақ болар деп кім ойлаған?! Түн күннен әлдеқайда ұзақ екенін ұғыну үшін ашық теңізде, құтқарушы салдың үстінде сағатыңызға қарап отыруыңыз керек екен. Бір мезетте таң атады, содан соң тағы бір күн басталғанын білудің өзі шаршата бастайды.
Бұл ой маған салда отырған алғашқы түні келген. Таң атқаң соң ештеңе маңызды емес болып көрінді. Мен суды да, тамақты да ойламадым. Жылы жел соғып, теңіз беті тегіс әрі жылтырағанша ешнәрсені ойламадым. Түні бойы көз ілмей шыққанмын, алайда сол сәтте өзімді жаңа оянғандай сезіндім. Салдың үстінде аяқ-қолымды жазғанда сүйектерім сырқырап, денемнің күнге күйіп кеткенін байқадым. Күн ашық әрі жылы болғаны соншалық, желдің лебі бойымды ширатқандай, әрі қарай күтуге жаңа күш сыйлағандай болды. Құтқарушы салдың үстінде өзімді сондай жинақы ұстадым. Жиырма жылдық ғұмырымда алғаш рет өзімді бақытты сезіндім.
Сал ары қарай ілбіп жүзе берді, бір түн ішінде қаншалықты алысқа ұзап кеткенімді есептей де алмадым. Себебі көкжиек мен орнымнан бір сантимерге жылжымағандай, дәл сол қалпында тұрғандай көрінді. Сағат жетілерде эсминец туралы ойландым. Таңғы ас уақыты еді. Кемедегі жолдастарымның үстелді айнала жайғасып, алма жеп отырғанын елестеттім. Одан кейін жұмыртқа жеуші едік. Одан соң еттен ауыз тиіп, кейін нан мен кофеден дәм татар едік. Аузымда сілекейім шұбырып, ішімнің жай ғана шұрылдағанын байқадым. Тамақ туралы ойламас үшін судан мойнымды ғана қылтитып, салдың түбіне түстім. Күнге күйген арқам салқын суға батқан сәтте күш-қуатым тасығандай күй кештім. Осы қалпымда біраз уақыт тұрып, төсегіме барып жатудың орнына неліктен Рамон Эррерамен кеменің артқы жағындағы палубаға бардым екен деп өз-өзіме сұрақ қойдым. Трагедияның әр минутын қайта елестетіп, ақымақтық жасағанымды түсіндім. Негізі мен құрбан болатындай бірде-бір себеп жоқ еді: вахтада емеспін, мені палубаға ешкім шақырмады. Болған жайтқа сорлы басым өзі кінәлі деген ұйғарымға келгенде, өз-өзіме қарадай жыным келді. Сағатыма қарап, сабама түстім. Күн тез жылжып бара жатқан: сағат он бір жарым еді.

Мәтінде сипатталған мерзім бойы теңізші ішкі уайымымен қалай күресті?


A. Қырағылық таныту арқылы


B. Уайымға берілмеу арқылы
C. Болғанды еске түсіру арқылы
D. Өткенді ұмытуға тырысу арқылы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет