Оқу сауаттылығы Морлэнд (1с)



бет1/9
Дата11.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#136972
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Оқу сауаттылығы
1. Морлэнд (1с)
Морлэнд кітапханалар жүйесінде жаңа оқырмандарға кітапханалардың жұмыс уақыты жазылған бетбелгі беру қарастырылған.
Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін бетбелгіні мұқият қараңыз. 

Фокнер кітапханасы сәрсенбі күні қай уақытта жабылады? 


A. 13:00
B. 20:00
C. 17:00
D. 11:00

2. Кепілдік талоны (1в)


1-мәтін

2-мәтін 

Сара дүкеннен тағы не сатып алды?


Сараның кепілдік талонын қайтаруға қанша уақыты бар? 




  1. 16 күн

  2. 10 күн

  3. 1 күн

  4. 24 күн


3. Сиыр сүті (1а)

Бірқатар елдерде, мысалы АҚШ-та көпшілік сиыр сүтін ішеді. 


Айталық, Анна, Кристофер және Сэм америкалық кофеханада отыр. Кофехана қожайыны жуырда ғана терезесіне мынадай хабарландыру ілді: «5 сәуірден кейін сиыр сүтін пайдаланбаймыз. Оның орнына соядан жасалған сүт өнімін алмастырғыш ұсынамыз». 


Анна, Кристофер және Сэм кофехана неліктен сиыр сүтінің қолданысын тоқтатынын білуге асықты. Сондықтан Анна смартфонын қолына алып, интернеттен «сиыр сүті» сөз тіркесі бойынша ақпарат іздеді. Олар бірінші шыққан іздеу нәтижесін қарап, талқылады. 


«Фермерлік сүт өнімдері» сайтындағы мақала мәтініне назар аударыңыз. 
Фермерлік сүт өнімдері
«Сүттің тағамдық құндылығы: пайдасы оның көл-көсір
«Фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының сүт өнімдерінің құрамында негізгі қоректік заттар: кальций, ақуыз, D витамині, B12 витамині, рибофлавин және калий бар. Осы витаминдер мен минералдардың арқасында «Фермерлік сүт өнімдерін» дұрыс тамақтанудың маңызды бөлігіне айналды. Аталмыш сауда маркасының сүт өнімдерін күнделікті тұтыну – ағзаға қажетті барлық дәрумендер мен минералдарды қамтамасыз етудің таптырмас амалы. 
«Фермерлік сүт өнімдері» сауда маркасының сүт өнімдерін күнделікті рационға енгізу салмақ тастауға ықпал етеді әрі дененің қалыпты массасын сақтауға көмектеседі. Сүт сүйекті қатайтып, беріктігін арттырады. Тіпті жүрек-қантамыр жүйесін нығайтып, қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі. Бір стақан сүт тұнған дәрумендер мен минералдардың кені әрі денсаулыққа пайдасы көл-көсір.
Медицина ғылымының докторы, Ирвайндағы Калифорния университетінің клиникалық педиатрия профессоры Билл Сирстың пікірінше, сүт құрамында көптеген маңызды элементтер бар. Бұл пікірді Халықаралық сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы (IDFA) да құптайды. Тіпті Халықаралық сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығының (IDFA) денсаулық сақтау саласы мамандары мен ұйымдар бұл пікірімен келісер еді деп есептейді:
Сүт құрамында ең маңызды тоғыз қоректік зат түгел қамтылған. Сүт кальций мен D витаминінің кенен көзі ғана емес, сонымен қатар оның құрамында А витамині, ақуыз және калий көп. Дәрігерлер сүт өнімдерін жиі тұтынуға кеңес береді. Дұрыс тамақтанудағы сүт өнімдерінің рөлін нутрициология (тағамтану) мен ғылыми қауымдастық әлдеқашан мойындаған. Бұлардың қатарында Ұлттық остеопороз қоры, АҚШ денсаулық сақтау ведомствосының басшысы, ұлттық денсаулық сақтау институты, Америка медицина қауымдастығының ғылыми кеңесі және денсаулық сақтау саласындағы басқа да көптеген жетекші ұйымдар бар. 

Халықаралық сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы, 2007 жыл, 27 қыркүйек


IDFA пікірінше, денсаулық сақтау саласындағы жетекші мамандар мен ұйымдар қай тұжырыммен келіседі? 


А. Сүт және сүт өнімдері семіздікке шалдықтырады. 


B. Сүт – ағзаға қажет дәрумендер мен минералдардың қайнар көзі. 
C. Сүтте минералдарға қарағанда дәрумендер көбірек. 
D. Сүт ішу – остеопорозға басты себеп.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет