26-НҰСҚА Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда.
Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай алыс таулардан қоңыр салқын самал ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін. Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай ғана болған, бұ дүниенің күйкі тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні болатын. Осындай шақтарда ол ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз жіберетін де, бұлақтағы тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің жазбаларын жалғастыруға әзірленетін.
Сайраған құстар әні оны көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап жазуға итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет.
1.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.
1.Сайраған құстар әні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын.
2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін
A)Екеуі де дұрыс
B)Екеуі де бұрыс
C)Дұрыс жауап жоқ
D)Тек біріншісі
E)Тек екіншісі
2.Бағбанды ең ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз
A)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы
B)Қоңыр салқын самал желдің соғуы
C)Құстардың сайраған үніне таңдануы
D)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі
E)Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі
1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.
2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды.
3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты.
3.Айдос неліктен жылап жіберді?
A)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.
B)Жаңа туфли әпергеніне қуанып.
C)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына.
D)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.
E)Туфлисіз қалғанына ренжіп.
4.Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?
A)Қырсыққан жігіт мал таппас.
B)Қалауын тапса қар жанар.
C)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.
D)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.
E)Өтірік айтқаннан өлген артық.
5.2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?
1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.
2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.
3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды.
A)Барлығы теріс
B)Барлығы дұрыс
C)Үшінші
D)Бірінші
E)Екінші
6.1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды?
A)Туфлиінің жыртылғанына
B)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне
C)Ертең сабаққа баратынына
D)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына
E)Ауданға баратын адамның болмағанына
Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар...
Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!
Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!
Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.
Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!
7.Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?
A)Әңгімелеу
B)Сипаттау
C)Суреттеу
D)Пайымдау
E)Баяндау
8.Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?
A)Турашылдыққа
B)Сенімділікке
C)Болжампаздыққа
D)Сабырлыққа
E)Шынайылыққа
9.Мәтіннің тақырыбы қандай?
A)Дала аспаны
B)Үміт шырағы
C)Жақсылық нышаны
D)Жұлдыз сыры
E)Ырымшыл халық
10.Автордың «...Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?
A)Халқына сенім арту
B)Халқына қамқор болу
C)Халқының жолын ашу
D)Халқына жанашыр болу
E)Халқының қамын ойлау
11.«Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?
A)Түн жарық болатындықтан
B)Түн жылы болатындықтан
C)Дәстүрді құрметтеген
D)Бағыт сілтеуші болғандықтан
E)Жақсылыққа жорығандықтан
12. «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр?
A)Мақсатшылдығын
B)Сабырлылығын
C)Жігерлілігін
D)Тәуекелшілдігін
E)Ұстамдылығын
азақтың кино сүйер қауымына танымал кинодраматург, режиссер Ермек Тұрсыновтың телеарнаға берген сұхбаты ұсынылады