Оқу сауаттылығЫ


E)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін



Pdf көрінісі
бет29/515
Дата20.10.2022
өлшемі3,95 Mb.
#44422
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   515
E)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін 
 
 
 
6-НҰСҚА 
Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі 
суымен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені 
әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ... Біз де сүйек, еттен 
жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған 
емес, бірақ біздің жүрек – отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай 
жандыратын от. Біздің жүрегімізде қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарық 
– ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы – махаббат, 
өмір тасы – халық, ел намысы – ер қолында. Біз намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес 
күшіміз сонда. 
1. Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр? 
A)Ерлік пен еңбек – егіз 
B)Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі 
C)Талапты ерге нұр жауар 
D)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас 
E)Ерлік тәрбиеден туады 
2.Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не? 
A)Мыңбұлақ 
B)Айнабұлақ 
C)Жүрек 
D)Намыс 
E)Махаббат 
1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли 
табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған 
туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш 
көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды. 
2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. 
Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. 
Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. 
Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін 
дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да 
шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан 
тапжылмай отырды. 
3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге 
келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   515




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет