Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет473/515
Дата20.10.2022
өлшемі3,95 Mb.
#44422
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   515
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
512 
A)Әмір Темір Ұлы Түрік хандығын басқара алмағандықтан 
B)Әмір Темір Алтын Орданы құлатқандықтан 
C)Әмір Темір Анадолыны басып алғандықтан 
D)Әмір Темір орыстарға жаулап алған жерлерін бергендіктен 
E)Әмір Темір Орта Азияны билей алмағандықтан 
1. Мидия, Лидия, Вавилония және Египетті басып алған парсы патшасы Кир 
ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін 
жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз 
қарамағына өткізуді қарастырады. 
2. Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып 
тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске 
құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес, 
массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас 
тартады. 
3. Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай, 
әскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бастайды. Жауынгерлеріне қажетті 
азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы 
мүмкін) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына әмір береді. Өзенге көпір 
салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы: 
– Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге 
көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып әуре 
болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. 
Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш 
күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, – деп 
елші арқылы сәлем айтады. 
4. Уәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис 
айтқан уәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен 
өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың 
барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста 
Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл 
уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы әскерлерінің аз ғана 
тобымен қақтығысқан болатын. 
5. Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис әскерінің үстіне Кирдың негізгі 
қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың 
арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирге елші 
жіберіп: 
– Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық 
айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің 
ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт. 
Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен 
сені қанға тұншықтырамын, – деп өз сәлемін жеткізеді. 
Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына 
алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   515




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет