Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет5/515
Дата20.10.2022
өлшемі3,95 Mb.
#44422
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   515
Байланысты:
O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 

дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. 
Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге 
сататындар көбейіп кетті. 
–Мәселен, бүгін біз бостандыққа ұшырып жатқан құстардың барлығы біздің 
елдегі контрабандашылардан тәркіленген, – деді бізге берген сұхбатында 
экологиялық жобаның үйлестірушісі Мұхаммед Салих. 
Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі 
бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа 
жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед 
Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және 
Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке 
бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең 
бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе 
дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17 
сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің 
азаматтары ұсталған болатын. 
–Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. 
Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың 
жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы
құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді экологиялық 
жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди. 
Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар 
қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы 
құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың 
доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық 
күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да 
бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін 
ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін 
қажет. 
13. Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай абзацта бейнеленген? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   515




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет