Оқу сауаттылығына арналған тест сұрақтары



бет6/18
Дата27.02.2022
өлшемі60,83 Kb.
#26558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Оқу сауаттылығы 22

6.Тыңдалым. Бөгде қонақтар

Кішкентай күнінен ертек -әңгімені көп сүйетін бала осы жазда , тіпті , көп естіп, көп біліп алған сияқты.

Сондай шеше әңгімелеріне бар пейілін беріп жүрген күндердің бірінде бұл үйге екі богде қонақ келіп қонды. Бірі - қартаң , бірі - жас қонақ. Жасын Абай біледі. Таныған жерде қуанып кетті. Ол былтыр жайлауға келіп , осы үйде үш күндей жатып , "Қозы - Көрпеш - Баянды " жырлап берген Байкөкше деген жыршы. Қасындағы қартаң кісіні Абай өзі білмегенмен, шешесі әбден таниды.

Қонақтармен жай сұрасып , амандасып болған соң, Ұлжан Абайға қарап жымиып:

-Ал, балам, әжең екеуімізді қажай беруші едің , әңгіме - жырдың дүкені, міне, жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын!- деді.

Барлас іле сөйлеп кететін жарқылдақ, ашық. Осы үйде талай күннен жатып жүрген ауыл адамы сияқты.

Үй іші тегіс хош алған соң , екі ақын да оңай шешілді. Осы түнде ас піскенге дейін Барлас "Қобыланды батыр" жырын жырлады. Абайдың қазақ аузынан да , кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу , ең бір әсерлі, күшті жыры осы еді.(М.Әуезов. "Абай жолы")

20Абайдың жасынан ұнататын ісі?

А) Ертегі- әңгіме

В)мақал-мәтел

С) әңгіме

D ) жұмбақ

Е) жаңылтпаш



21.Қонақтар келгенде , Абай неге қуанды?

А) жас қонақты таныды

В) жас қонақты таныған жоқ

С) жас қонақты таныған емес

D ) жас қонақты танымаған

E жас қонақты тануға болмайды





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет