5.Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Жер жаннаты — Жетісу
Жетісу — қазақ даласының баға жетпес бір мекені. Лепсі, Басқан,Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендері бар өңір «Жетісу» деп аталып кеткен.
Алматы облысы Жетісу жерін қамтиды. Жетісу жерінде 1 519 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Атап айтқанда, 1 250 археологиялық, 262 сәулет ғимараты және 7 табиғи
ескерткіш бар.
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында 1800-ге жуық өсімдік түрі бар. Олардың
21 түрі Қазақстанның Қызыл Кітабына енген. Жануарлар әлемі бойынша саябақтың аумағындағы 56 түрлі жануар Қазақстанның Қызыл Кітабына енген.
«Ақсу Жабағылы» — Қазақстанның ең көне қорығы. Ол — Орталық Азиядағы
ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық.
«Іле-Алатауы» ұлттық табиғи саябағында 1 мыңнан астам өсімдік түрі бар. Бұл
өсімдіктердің 36 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген.
Есік өзенінің маңынан ХХ ғасырдың 70 жылдары алтын киімді сақ жауынгері
табылған. Жауынгердің басына күн құдайының символы қанатты аттар бейнелен-
ген, әшекеймен безендірілген биік үшкір бөрік кигізілген. Ұзын қылышы мен қысқа
қанжары бар. Жауынгердің жанына саз балшықтан жасалған құтыға құйылған қымыз,
кесек-кесек ет салынған асаяқтар, күміс пен қоладан жасалған қымбат құтылар
қойылған.
Антропологтардың анықтамасы бойынша, Есік қорғанында жерленген адамның
жасы 17-18-дерде және ол біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырдың аяғында өмір сүрген
16.Дұрыс жауапты тап:Бұл өңір неліктен «Жетісу» деп аталып кеткен?
А)Жеті қазба байлық бар
В) Жеті тау бар
С) Жеті өзен бар
Д) Жеті қала бар
17.Ақпаратты сәйкестендіріңіз
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында
|
өсімдіктердің 36 түрі бар
|
«Ақсу Жабағылы»
|
ең көне қорығы
|
ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған
|
ең алғашқы қорық
|
«Іле-Алатауы» ұлттық табиғи саябағында
|
1800-ге жуық өсімдік түрі бар
|
18. Дұрыс жауапты белгілеңіз: Алғаш рет сақ жауынгері табылды
А) Есік қорғанынан
В) Семей облысынан
С) Іле алатауынан
Д) Орта Азиядан
19.Дұрыс жауапты белгілеңіз: Жетісу жерінде неше мәдени –ескерткіш бар
А) 1 519
В) 1530
С)1540
Д) 1550
Достарыңызбен бөлісу: |