4. Оқылым. Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Емтихан.
Емтихан – шәкірттер білімін тексеру тәсілдерінің бірі. Алғаш рет орта ғасырларда Еуропа университеттерінде қолданылған. 1703 жылы Мәскеуде тұңғыш рет Глюктің мектебі мен Санкт-Петербург Ғылым академиясы жанындағы гимназияда 1726 жылы шәкірттерден емтихан қабылданды. 1786 жылы халық училищелерінде көпшілік алдында жазда, қыста емтихан тапсыру тәртібі енгізілді. 1837 жылы «Уезд училищелері мен гимназияларындағы сынақ ережелеріне» сәйкес оқушылардың білімін бағалауда 5 балдық жүйе және емтихан билеттері іске асырылады. Қазақстанда емтихан қабылдау алғаш рет жылына 2 рет Алтынсарин мектептерінде қолданылады.
Қазіргі кезде оқу орындарында қабылдау емтихандары компьютерлік техниканың көмегі арқылы тестік тәсілмен жүргізіледі.
13.Дұрыс ақпаратты тап: Емтихан
А) Оқушының білімін тексеру тәсілі
В) Ақпараттың анықтығын тексеру
С) Қоғамға пайдалылығын тексеру
Д) Оқытушының білім деңгейін тексеру
14.Ақпаратты сәйкестендіріңіз
1726 жылы
|
5 балдық жүйе және емтихан билеттері іске асырылады
|
1786 жылы
|
Емтихан қабылданды
|
1837 жылы
|
жазда, қыста емтихан тапсыру тәртібі енгізілді.
|
3.Қазақстанда емтихан қабылдау алғаш рет жүзеге асты:
А) Жоғарғы оқу орындарында
В) Банктерде
С) Алтынсарин мектептерінде
Д) Балабақшаларда
15.Оқушылардың білімін бағалауда 5 балдық жүйе және емтихан билеттері іске асырылады
А)1976 жылы
В) 1726 жылы
С)1837 жылы
Д)1786 жылы
Достарыңызбен бөлісу: |