24.Дұрыс ақпаратты белгіле:Мәтінде не туралы баяндалады?
А) Сараңдық
В)Үнемшілдік
С) Тәуекелдік
Д)Барлық жауап дұрыс
25.Сәйкестендір
Сараңдық
|
өз еркіңді бағындыра білу
|
Үнемшілдік
|
тәуекелге бел буа алмау.
|
Тәуекелдік
|
күшіңді шапшаң, жұмсай білуді де білдіреді.
|
7.ЖІБЕК ЖОЛЫ
Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан бастап керуен жолы ретінде қолданыла бастады. Қытай мен Батыс елдерін байланыстыратын бұл жол — Жетісу.
Сауда жолының бойын (б.з.д.) VIII—VII ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі сақ тайпалары мекендеген. Біздің заманымызға дейінгі I ғасырдың соңында мұнда Рим әйнегі және ақшасы, Қытай жібегі, айнасы мен жалтыр ыдыстары, еуропалық, ирандық мүліктер келіп жеткен.
Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария өзендерінің бойларында Тараз сияқты түрлі қалалар мен кенттер (қалашықтар) пайда болды. Оларды салған жергілікті егіншілікпен айналысатын халықтар еді.
VII ғасырда Жібек жолы бұрынғыдан да жандана түсті. Жетісуда қалалар көбейді. Жібек жолының бойында Суяб, Испиджап сияқты ірі орталықтар, елді мекендер пайда болды.
Жібек жолы XIV ғасырға дейін өмір сүрді. Содан кейін болған соғыстар қалалардың қирауына, елдердін азып-тозуына әкеліп соқтырды. Теңіз жолдарының ашылуы да Жібек жолының мән-маңызын әлсірете түсті. (127 сөз.)
26.Дұрыс ақпаратты белгіле. Сауда жолының бойын cақ тайпалары мекендеген ғасыр
А) б.э.д. VII-VI
D)б.э.д. VI-V
C) б.э.д.VIII-VII
Д) б.э.д.V-IV
27.Шу, Талас және Сырдария өзендерінің бойларында пайда болған қалаларды салған
кімдер?
А) Малшылар
В)Құрлысшылар
С) Егіншілер
Д) Саудагерлер
28. VII ғасырда Жібек жолы бойында қандай қалалар пайда болды?
А) Түркістан
В) Отырар
С) Ақмола
Д) Суяб, Испиджап
8. ОРМАН «САНИТАРЫ»
Тоқылдақ — орманның қанатты достарының бірі. Бұл құс ағашқа өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Тұмсығы қашау сиякты, табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай кіріп, ал сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. Қашау рөлін атқаратын тұмсығының жәрдемімен олар ағаштарды ойып, ұя жасайды және ағаш қабығының астындағы ұсақ жәндік, шыбын-шіркейлерді теріп жейді. Күз бен қыста оларға қылқан жапырақты ағаштардың жаңғағы, бүрі жем болады. Орманшылар тоқылдақты орман "санитары" деп атайды. Өйткені, олардың біреуі тәуліғіне 700-ге жуық зиянкестерді құртады. Сонымен қатар тоқылдақтар тек зиянкес жәндіктері бар ағаштардың діңін ғана ойып, сонда ұя салады. Мұның өзі орманшыға қандай ағаштың зақымданғанын және оларды сақтап қалуға дереу шара қолдану керектігін дер кезінде ескертеді.
Халық айтатын: «Ит — аңшы үшін, тоқылдақ — орман үшін» деген сөздің мәні осыдан шықса керек. Алматы қорығында бұл құстың саны жылдан-жылға артып келеді. Табиғат байлықтарын қорғауға алудың нәтижесі деп осыны айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |