Педагогика - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру.
Негізгі ұғымдарының бірі ол -тәрбие. Тәрбие беру – жалпы адамзаттық іс
2.Педагогиканың шығуы мен дамуы Педаогика саласы жеке сала ретінде 12 ғасырда ғана қалыптаса бастады. Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады. Ф.Бэконның, Я.Коменскийдің еңбектерінде педагогиканың қандай сала екендігі жайлы айтыла бастады. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылд
3.Мұғалімдік мамандықтың ерекшелітері Мұғалімдік мамандық ерекшелігі. Білім беруді басқару және көшбасылық.
Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.
4.Білім беру жүйесінің құрылымы және принциптері. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3) білім берудің зайырлы сипаты;
4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;
6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
11) білім беру жүйесін ақпараттандыру;
5.Білім беру жүйесінің тарихы. Қазақстандағы білім беру жүйесін алатын болсақ, білім беру жүйесінде әр кезең бойынша түрлі өзгерістер орын алған болатын. Ерте заман, Ресей отаршылдығы кезеңінде, 20 ғасырдағы білім беру жүйесін қарастырсақ болады. Ерте заманда қалаларда мешітғмедреселерде,жәдиттік мектептерде білім алу мүмкіншіліктері туды. Арабша оқып,төте жазу қолданыста болған болатын. Ресей отаршылдығы кезеңінде: Омбыда 1789 ж. “Азиялық училище” ашылды. Бұл оқу орнына қазақ балалары да қабылданды.
1841 ж. Бөкей Ордасында Жәңгір хан қазақ балалары үшін орыс мектеп-пансионатын ашты.
1825 ж. Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев кадет училищесі (ол 1844 ж. кадет корпусы болып аталды),
1846 ж. Сібір қазақалаорыс әскери училищесі негізінде Омбы кадет корпусы ірге көтерді.
Бұл оқу орындарын қазақтың тұңғыш зиялылары: Шоқан Уәлиханов, Садық Бабажанов, Халиолла Өскенбаев, т.б. оқып бітірді.