Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл



Pdf көрінісі
бет7/78
Дата13.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#100791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78
Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл 
Білім берудегі құндылық тәсілі жалпыадамзаттық және ұлттық 
құндылықтарды, адамның өмірі мен денсаулығын, жеке тұлғаның еркін 
дамуының басымдықтарын, патриотизмді, еңбекқорлықты, адам құқықтары мен 
бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. Бұл тәсіл білім беру 
процесінің 
тәрбиелік 
әлеуетін 
арттыруға, 
оқыту 
мен 
тәрбиелеуді 
интеграциялауға, білім беру әдістемесін, мазмұны мен құрылымын жаңартуға 
бағытталған.
Орта білім беру мазмұнында базалық құндылықтар ретінде: 
- қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік
- құрмет; 
- ынтымақтастық; 
- еңбек пен шығармашылық; 
- ашықтық; 
- өмір бойы білім алу айқындалған. 
 
Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл
Құзыреттілік тәсіл – бұл құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерін 
көрсететін және білім алушыларды даярлаудың практикаға бағдарланған 
сипатына, міндеттер мен жағдайларды шешу бойынша олардың өзіндік 
жұмысының рөлін күшейтуге ықпал ететін білімге қойылатын талаптар жүйесі. 
Бұл тәсілде практикалық тапсырмалар теориялық білімнен басым болады және 
оқушыларды әртүрлі жағдайларда және жаңа жағдайларда білімді қолдануға 
бағыттайды. 
Құзыреттілік тәсіл іс-әрекетке деген көзқарастың негізгі тұжырымын 
қамтиды – «іс-әрекет арқылы оқыту» және оны білім алушы игерілген білімді іс 
жүзінде қолдана білуі керек деген талаппен күшейтеді.
Құзыреттілік тәсіл адамның өмір бойы алған білімін адам қызметінің 
әртүрлі салаларындағы өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін пайдалану 
қабілетін сипаттайтын функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға 
бағытталған. 
 
Тұлғаға бағытталған тәсіл
Тұлғалық тәсіл оқыту процесінде педагогтің, білім алушының жасын, 
ұлттық, жеке-психологиялық жағдайын, мәртебесін (яғни ұжымдағы жағдайын) 
барынша ескеруін білдіреді. Бұл оқу міндеттерінің мазмұны мен формасы (яғни 
тапсырма) арқылы да, педагогтің білім алушымен, сыныппен қарым-
қатынасының тиісті сипаты арқылы да жүзеге асырылады. Білім алушы тұлға 
белсенді әрекет ететін мақсатты субъект ретінде жеке көзқарас аясында әрекет 


13 
етеді. 
Практикада тұлғалық-іс-әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерді іске асыру 
белсенді және интерактивті әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Іс-
әрекеттік тәсілі оқу процесіндегі жеке тұлға (іс-әрекет субъектісі), оның 
мақсаттары, мотивтері, қажеттіліктері дегенді білдіреді, ал жеке тұлғаның өзін-
өзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі дамытуының негізгі құралы іс-әрекет болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет