Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


STEM/ STEАM технологияларды қолдану



Pdf көрінісі
бет8/78
Дата13.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#100791
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78
Байланысты:
әд.нұсқау хат 2023-2024 оқу жылы

 
STEM/ STEАM технологияларды қолдану 
STEM - жаратылыстану, технология, инженерия және математика 
сабақтарын біріктіретін оқу бағдарламасы. STEAM технологиясы білім берудің 
бес саласын бірыңғай оқыту жүйесіне біріктіреді (өнер қосылады). 
Білім беру процесінде STEM/ЅТЕАМ технологияларын қолдану жекелеген 
пәндерге емес, белгілі бір тақырыптарға сәйкес интеграцияланған оқытуды 
қамтамасыз етеді. 
STEM/ЅТЕАМ оқыту технологиялары білім алушыларда пәндік және 
метапәндік құзыреттерді қалыптастыруға, сыни ойлауды, проблеманы 
шығармашылық шешу дағдыларын және командадағы қызметті дамытуға 
арналған белсенді оқытудың заманауи әдістерін, пәнаралық цифрлық мазмұнды, 
пәнаралық және қолданбалы оқу тапсырмаларын қолдануды көздейді 
(
https://www.livescience.com/43296-what-is-stem-education.html
). 
STEM/ ЅТЕАМ технологияларына негізделген тәсіл сабақта да, сабақтан 
тыс уақытта да қолданылады. Сабақтарды өткізу кезінде проблемалық 
бағдарланған және эвристикалық оқытуды, ал сабақтан тыс уақытта – жобалық 
және зерттеушілік - бағдарланған оқытуды қолдану ұсынылады. 
Педагогтерге оқу тапсырмаларының, шығармашылық жобалардың 
негізінен қолданбалы сипатын қолдана отырып, сабақтарды, оқу сабақтарын 
жоспарлау ұсынылады. Сонымен қатар, тапсырмалар мен жобаларды орындау 
бірлескен шығармашылық, зерттеу қызметін қамтиды, оның барысында өзара 
қарым-қатынас орнату қабілеті дамиды. Білім алушының педагогпен және басқа 
білім алушылармен бірлескен оқу іс-әрекеті процесінде алынған өнімнің 
маңыздылығына назар аудару қажет. 
 
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру 
Функционалдық сауаттылық дегеніміз алған білімдерін күнделікті 
мәселелерді шешу үшін қолдану қабілеті. Функционалдық сауаттылықты 
дамыту болашақ кәсіби қызметте және жалпы өмірде дағдыларды қолдану үшін 
қажет. 
Білім 
алушылардың 
функционалдық 
сауаттылығы 
үш 
негізгі 
компоненттен тұрады:
Оқу сауаттылығы: оқудың дұрыстығын, жылдамдығы мен еркіндігін 
емес, оқылған мәтінді, сұрақты және әртүрлі тапсырмаларға арналған 
нұсқауларды түсінуді қалыптастыру; 
Математикалық сауаттылық: күнделікті өмірде жеке, қоғамдық және 
кәсіби мәселелерге әсер етуі мүмкін әртүрлі контекстер мен пайымдаулардағы 


14 
практикалық есептерді шешуге бағытталған; 
Жаратылыстану сауаттылығы: зерттеу әдістерін қолдана отырып, 
әртүрлі құбылыстарды, фактілерді, оқиғаларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре білу. 
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығының негізгі құзыреттерін 
қалыптастыру кең ауқымды дағдыларды қалыптастыратын қосымша 
компоненттермен бірге жүреді: креативті ойлау; сыни ойлау; зерттеу дағдылары; 
коммуникация; рефлексия; жаһандық құзыреттілік.
Функционалдық сауаттылықты дамыту үшін үш негізгі компоненттер үшін 
дұрыс тапсырмаларды таңдау маңызды. Функционалдық сауаттылықты дамыту 
жөніндегі тапсырмалар жыл бойы оқу процесінде біркелкі бөлінуі, балалардың 
жасына және олардың когнитивтік ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Бастауыш 
мектепте тапсырмалардың оқушылардың практикалық тәжірибесіне сәйкес келуі 
маңызды. Орта және жоғары сыныптарда білім көлемін және ақпаратты 
талдаудың күрделілігін біртіндеп арттыру ұсынылады. Пәнаралық және 
метапәндік сипаттағы интеграцияланған тапсырмалар берілуі керек. 
Тапсырмаларды орындауда дербес және топтық зерттеу жұмыстарын, жобалау 
қызметін көздеуі тиіс. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру оқытудың 
инновациялық формалары мен әдістерін қолдануды талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет