«Оқуға құштар мектеп» жобасы кемел болашақтың кепілі «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына»



Дата25.01.2023
өлшемі28,39 Kb.
#62964
Байланысты:
Документ Microsoft Word


«Оқуға құштар мектеп» жобасы кемел болашақтың кепілі
«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына», - десе, Абай атамыз: «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге», - деп насихаттайды. Осындай терең мағыналы сөздерден кітап оқу кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің.
Оқу – біздің балаларымыздың білімін, тәрбиесін және мәдениетін арттырудың маңызды мәселеcі болып табылады. Біріміз кітапты ой-өрісті кеңейту үшін оқысақ, біріміз – жұмыс барысында ақпарат іздеп оқимыз. Арамызда кітап оқып, демалатындар да бар. Қандай себеп болмасын, оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту маңызды. Оқу ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді және рухани байытады. Кітап оқуға бала кезден баулу керек. Адамның әдебиетке деген махаббаты сол балалық шақтан пайда болады.
Соңғы уақытта халқымыз осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқандықтан, мемлекет тарапынан осы мәселеге ерекше көңіл бөлініп, оны дамытуға ықпал етіп жатыр. Президентіміз: «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», – деген болатын. Соған орай, жас жеткіншектердің қызығып оқитын кітаптарын көптеп шығарып, алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңыздылығын ескере отырып, аталған іс-шаралар мазмұны біздің мектепте де «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге асырылды. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары еніп,оларды оқып зерделеу басты міндет етіп алынды. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады.
Oқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. «Оқу мәдениеті – өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қaлыптастыру факторы»,- деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады. Шараның басты мақсаты – жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, өзі оқыған көркем әдебиет
шығармамен бөлісіп насихаттау, оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, оқыған кітаптарының, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты дұрыс пайдалануға баулуды үйрету болды. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатпай, қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп тауып, кітапқа деген баланың қызығушылығын арттырып осы мәселеге ден қоюымыз керек.
Жоба аясында мектебімізде кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен де көптеген жұмыстар атқарылып, оқырмандарға кітап оқудағы басты қағидалар мен ережелерді ұсынып алға тартты. Сонымен қатар осы орайда мектеп кітапханасы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, сынып жетекшілер, жалпы мектеп ұжымы бұл жұмысқа белсене ат салысты. Атап айтсақ 1-11 сыныптарға арналған кітаптарды жарнамалау үшін үлкен көрме жасақталды. Білім алушылар ерекшелігіне сай кітаптар тізімі жасалып, олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін электронды нұсқалары дайындалды. Білім алушыларды кітап оқуға тарту үшін әр буын бойынша оқырмандар клубы құрылып, жұмыстары жүргізілуде. Мектеп оқушыларың көркем шығарма оқуға тарту мақсатында «Кел, балалар, оқылық» жиырма минуттық оқу жобасы бастау алды. Күнде әр сынып осы жоба аясында жиырма минут бойы берілген шығарманы оқып, мазмұны мен идеясы тұрғысынан өз тұжырымдары мен көзқарастарын бөлісіп отырды. Төменгі сынып оқушыларын кітап оқуға тартудың бір әдісі ретінде «Ертегілер еліне саяхат» іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты ертегі арқылы баланы тәрбиелеу. Аталған шараны жүзеге асыруда басты тұлға болып ата, әжелері қамтылды. Жобаны насихаттау, көпшілікпен бөлісу мақсатында мектептің инста, фейсбук парақшаларына жүргізілген жұмыстар үздіксіз жарияланып отырды. Демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Менің сүйікті кітабым», «Менің сүйікті әдеби кейіпкерім» челлендждері ұйымдастырылып, оқушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісу үшін келесі оқырманға өздерінің оқыған кітаптарын жолдады. Оқуды біліммен ұштастыру мақсатында белсенді топ ұстаздары «Оқимыз – зерттейміз», «Оқимыз – сурет саламыз», «Оқимыз – тұжырымдаймыз», «Оқимыз – сахналаймыз» кіріктірілген сабақтар тізбегін даярлады. Сонымен қатар, ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр атты» онлайн әдеби кеш, Ыбырай Алтынсариннің 180 жыл толуына орай, оқушылармен «Кел балалар оқылық!» атты онлайн мәнерлеп оқу, кітапхана қамқорлығымен Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына орай, Президент күні, Тәуелсіздік күніне іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп, жоба бағыттары жүзеге асырылуда.
Ұлы заңғар жазушымыз М.Әуезов «Әрбір адамның ең жақын досы кітап болуы тиіс», - деп айтқандай, «Оқуға құштар мектеп» жобасы өз жалғасын сәтті тапса, еліміздегі ақын-жазушылардың кітаптары көптеп басылып шығып,ел руханияты мен мәдениеті өркендеп, ел арасына кең тарап, өскелең ұрпақтың тұлғалық қасиеттері, білімі мен көзқарастарының дамуына зор ықпал ететініне кәміл сенемін. Алдағы уақытта «Оқуға құштар мектеп» жобасы кітапқұмар, рухы биік ұлт деген мәртебелі атымызды жаңғыртуға септігін тигізетін игі бастама екеніне сенімім мол.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет