Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


 Мәтінді тыңдаңыз. Сіз жазған



Pdf көрінісі
бет339/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   341
25. Мәтінді тыңдаңыз. Сіз жазған
сөздердің қайсысы қолданылғанын 
анықтаңыз.         
№25
Еліміздің шипажайлары
Алма-Арасан минералды су көзі ХІҮ ғасырдан бері белгілі. Әмір 
Темір жорықтарының жазбаларында кездеседі. Химиялық құрамын 
зерттеу  1930  жылы  басталды.  Алматы  маңындағы  бұл  минералды 
сулар емдік ванналар үшін пайдаланылады.
Барлық-Арасан 
– 
Шығыс 
Қазақстан 
облысындағы 
бальнео логиялық  сауықтыру  орны.  Тарбағатай  жотасының  тау 
алдында  600  м  биіктікте  орналасқан.  Ең  басты  емдік  қасиеті  – 
ыстық  (42 
0
С)  кремнийлі  хлоридті-сульфатты  кальцийлі-натрийлі 
минералды су көздері.
Жаркент-Арасан  –  Жаркент  қаласынан  40  км  қашықтықтағы 
бальнеологиялық  сауықтыру  орны.  Жоңғар  Алатауының  оңтүстік 
беткейінде  1100  м  биіктіктегі  Бурақожыр  өзенінің  шатқалында 
орналасқан.  Басты  емдік  қасиеті  –  ыстық  (36 
0
С)  радонды 
хлоридті-сульфатты  натрийлі  су,  құрамында  азот,  фтор  бар.  Емдік 
ванна іш құрылысты шаю үшін қолданылады. Бурақожыр су көзінің 
емдік қасиеті туралы мәліметтер ХҮІІ ғасырдан белгілі.
Рахман бұлағы Өскемен қаласынан 450 км қашықтықта Алтай 
тауындағы  табиғаты  әсем  Рахман  өзенінің  аңғарында  1950  м 
биіктікте орналасқан. Оның емдік қасиеті ертеден танымал, баспасөз 
бетіндегі мәліметтер 1834 жылы жарияланған. Басты табиғи емдік 
қасиеті  –  ыстық  радонды  (34-42 
0
С)  сульфатты-гидрокарбонатты 
натрийлі-магнийлі су, құрамында бос азот кремний қышқылы бар. 
Емдік сусын, емдік ванна іш құрылысты шаю үшін пайдаланылады. 
Рахман  бұлағы  мен  Белокуриха  шипажайының  ыстық  бұлақтары 
сәйкес келеді.
Сарыағаш  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  Сарыағаш  теміржол 
бекетінен  18  км  қашықтықта  орналасқан.  Ең  басты  табиғи  емдік 
қасиеті  –  ыстық  (47-49 
0
С)  азотты  карбонатты-натрийлі  су.  1949 
жылы барлау бағытындағы бұрғылау кезінде ашылған. Минералды 


333
су емдік сусын, ванна, іш құрылысты шаю үшін, ас қорыту ағзаларын 
емдеуге пайдаланылады.
Жаңақорған  –  Қазақстандағы  бірінші  бальнеологиялық 
батпақпен  емдеу  шипажайы.  Қызылорда  қаласынан  170  км  жерде 
Сырдария  өзенінің  оң  жағында  Теріскен  көлінің  жағалауында 
орналасқан.  Басты  табиғи  емдік қасиеті –  сульфидті  лайлы  батпақ 
және  хлоридті-сульфатты  натрийлі-магнийлі  рапа,  яғни  тұздар 
қоспасы. Теріскен көлінде жинақталған бұл рапа тұздар суда ерітіліп, 
емдік  ванна  үшін  пайдаланылады.  1919  жылдан  жұмыс  жасайтын 
бұл шипажайда жүйке, буын және жыныс ауруларын емдейді. 
(Бейсенова  Ә.С.,  Каймуллдинова  К.Д.  «Қазақстанның  географиялық  атла-
сы»)


334


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет