249
XI
БӨ
ЛІМ
АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ
9. Қазіргі Көкшетаудың табиғаты, ондағы демалыс орындары туралы
не айтасыз?
Көкшетаудың табиғатына
қауіп төнуде.
1
?
?
?
?
?
2
3
4
5
КАСПИЙ ТЕҢІЗІ ТУРАЛЫ 8 ДЕРЕК
1. Каспий теңізінің атауы осы теңіздің жағасын
мекендеген ежелгі «каспий» тайпаларының құрметіне
аталған.
2. Каспий теңізінің ежелгі атаулары: «Гиркан»,
«Хазар», «Хвалын» т.б.
3. Каспий – жер шарындағы көлге де теңізге де тән
ерекшелігі бар теңіз. Ол Қара теңізден бөліну арқылы
пайда болды.
4. Каспий теңізімен бес мемлекет шектеседі. Олар:
Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түркіменстан, Иран.
Теңіз жағасында 13 қала орналасқан. Әзербайжанның
6 қаласы, Қазақстан, Ресей, Иран елдерінің 2 қаласы және Түркіменстанның 1 қаласы бар.
5. Каспий теңізі 371 мың шаршы аумақты алып жатыр. Егер бұл ауданның орнында
мемлекет болса, онда ол картада 62-орындағы мемлекет ретінде тіркелетін еді. Теңіздің
тереңдігі – 1025 метр.
6. 1719 жылға дейін Каспий теңізінің тұрақты картасы болмаған. Тек 1719 жылы
Бекович-Черкасский экспедициясының нәтижесінде барып картаның нақты сызбасы
жасалды.
7. Теңізде тіршіліктің 850 түрі өмір сүреді. Каспий теңізіндегі ең керемет жануар – каспий
итбалығы.
8. Жер бетіндегі ең қымбат уылдырық «қара уылдырық» деп ойласаңыз, қателесесіз. 100
грамм үшін 2 000 АҚШ долларын сұрайтын жер бетіндегі ең қымбат уылдырық – ақсерке
балығының «Алмас» аталатын уылдырығы. Ақсерке Каспий теңізінің Иранмен шегаралас
тұсында таралған.
(https://massaget.kz/)