Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Мәтінді тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап



Pdf көрінісі
бет332/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   341
18. Мәтінді тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап 
беріңіз.  
№18
Қазақ  ұлттық  университетінің  шығыстану  факультетінде 
оқып жүріп, “Болашақ” бағдарламасына тапсырдым. Жолым болып, 
Жапонияға  оқуға  аттандым.  Мұнда  жүргеніме  биыл  –  сегізінші 
жыл.  Эколог  мамандығын  төрт  жыл  бойы  Токай  университетінде 


325
меңгердім.  Дипломдық  жұмысымды  ары  қарай  жалғастыруыма 
ұсыныс  түсті.  Басқа  да  шәкіртақыларға  мүмкіндік  бар  екенін 
байқағаннан  кейін,  “Болашаққа”  айтып,  магистратураны  осы 
жақта  оқитын  болып  шештім.  Магистратурада  оқып  жүріп,  маған   
ғылыммен  айналысқан  ұнайтындығын  аңғардым.  Зерттеу 
жұмысымды  жүзеге  асыру  үшін  докторантураға  да  түсуім  керек 
болды. Сөйтіп тағы бір шәкіртақыны ұтып алдым. Биылдан бастап 
ғылым  және  технология  мамандығында  оқып  жатырмын.  Егер 
сенің талапты, дарынды екендігіңді байқаса, жапондар білім алуыңа 
мүмкіндіктер береді. 
Қазір Жапония қоғамында қарттар саны жастардан әлдеқайда 
көп.  Мемлекетте  бала  туу  көрсеткіші  төмендеп  кеткен.  Елдің 
экономикалық  күші  жастарда,  сол  себепті  Жапония  шетелдік 
жастардың осында қалуына оңтайлы шаралар жасап жатыр.
Жапон  жастарынан  ерекшелігіміз:  біз  ана  тілімізді,  орыс, 
ағылшын,  жапон  тілін  білеміз.  Мұнда  келіп,  жапон  студенттерінен 
көңілім қалды. Өйткені бала кезімнен менде “олар өте ақылды” деген 
стереотип қалыптасқан еді. 
Бірінші, екінші курста жалпы экологиялық проблемалар туралы 
оқып,  білдік.  Үшінші  курста  бізді  нақты  бір  саланы  таңдау  үшін 
лабораторияларға бөлді. Менің таңдаған тақырыбым “қоқысты қайта 
өңдеу”,  “баламалы  энергия  көздері”  саласына  байланысты  болды. 
Зерттеу жұмысым сутегіні тиімді, қауіпсіз, арзан жолмен пайдалану 
бағытына арналады. 
Қазіргі уақытта әлем балама энергия көздерін қолдану саласына 
еніп  келеді.  Алайда  күн,  жел  энергиялары  табиғатқа  тәуелді, 
тұрақсыз. Бірсе күн ашық, біресе бұлтты, кейде қатты жел, кейде баяу. 
Литий-ионды аккумулятор сияқты батареялар энергияны сақтау көзі 
ретінде қазір танымал, алайда оларда сақталатын энергия мөлшері, 
тығыздығы, сақтау мерзімінде шектеулер көп. 
2020  жылы  Отанға  қайтамын  деп  жоспарлап  отырмын.  Елге 
келіп, жобамды бірден жүзеге асыруға кірісемін деп ойлаймын.
(https://baribar.kz)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет