Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск



Pdf көрінісі
бет331/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   341
17.  Сұхбатты тыңдаңыз.  
Сұрақтарға жауап беріңіз.
№17
Журналист:  Мен  алғаш  «Айтуға  оңай»  бағдарламасын  көріп 
отырғанда,  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің  оқушысы  Иван   
Крепакты байқап қалдым. Ол қазақша сайрап тұр. Көрдім де, қызығып, 
сұхбат  алуға  бел  байладым.  Онымен  сөйлескенде,  мемлекеттік 
тілімізге деген құрметін анық байқадым. Иван 6 жасынан қазақша 


324
сөйлей  бастаған.  Оның  айтуынша,  қазақ  тілін  меңгеру  –  үлкен 
жетістік.
Иван: Мен Қазақстанда тұрамын, қазақтар бір-бірімен қазақша 
сөйлесуі керек. Қазақ достарымның арқасында, қарым-қатынастың 
арқасында  осылай  үлкен  жетістікке  жеттім.  Және  бұл  дегенім, 
ұлтымызға құрмет пен оқу үшін. 
Журналист: Қазіргі уақытта қазақ тілін қаншалықты білесіз? 
Иван:  Мен  қазақ  тілінің  сақталуы  мен  дамуын  қолдаймын. 
Себебі біз болашақта дамыған ел болуымыз керек. Сондықтан шет 
елдерден келген қонақтарға өз тілімізде сөйлеп, құрмет көрсетсек, 
тіліміз көркейіп, дамыр еді. Мен әлі де қазақ тілін меңгеремін. 
Журналист: Қазақша кітаптар оқисыз ба? 
Иван:  Әрине,  «Абай  жолын»  оқып  шыққанмын.  Қазір  «Қырық 
мысалды»  оқып  жүрмін.  Бірақ  кітап  дүкендерінде  жүргенде  шетел 
әдебиеттері  көп  өтеді.  Біз  соларды  қазақ  тіліне  аударсақ  мүмкін 
басқалай болар меді. 
Журналист: Ортаңызда тіліміздің қолданылу аясы қандай? 
Иван: Солтүстік Қазақстанның басты проблемасы, меніңше, қазақ 
тілін  аз  білуінде.  Мектеп  бағдарламасына  орыс  тілінде  оқытатын 
пәндерді көп енгізу керек емес. Мейілінше қазақ тілінде болса жақсы 
болады. 
Журналист: Үш тұғырлы тіл туралы не айтасыз? 
Иван:  Америкалық  ғалымдар  айтқандай,  баланың  ең  жоғарғы 
дамуы 3-5 жаста өтеді. Сол себептен үш тұғырлы тілді балабақшадан 
бастау  мүмкін деп ойлаймын. Үш тұғырлы тіл енгізілсе, Қазақстан 
жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін. 
Журналист:  Отбасыңызда  сізден  басқа  кімдер  қазақша  сөйлей 
алады? 
Иван: Отбасымда көбі қазақша білмейді. Олар украинша сөйлеседі. 
Журналист: Олардың қазақша үйренгісі келе ме? 
Иван:  Иә,  анам  қазақ  тілін  үйренуді  бастап  кетті.  Атам 
«Уағалейкүм»  мен  «Ассалаумағалейкүм»  деген  сәлемдесу  сөздерін 
біледі.  Атама  «здравствуйте,  привет»  деген  сөздерді  айтпаңыз, 
қазақша амандасыңыз деп айттым. 
                          
  (Нұрлы-Хан Жұмахан  https://massaget.kz)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет