Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск



Pdf көрінісі
бет330/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   341
16. Мәтінді тыңдаңыз.
№16
Бөдене бизнесі бізге бөтен емес
(А. Адаевтың «Мұғалжар» газетіне берген сұхбатынан үзінді)
Тауықтың  балапанын  бағу  бір  бөлек,  ал  бөденені  өсіру  үшін 
біраз  тер  төктік.  Бұл  құстың  түріне  үлкен  бап  керек.  Ең  алдымен, 
ғаламтордан  таңдаған  бағдарламамен  қалай  жұмыс  жасау  керек 
екендігін  зерттеп  қарап,  анық-қанығын  білген  соң  бөдене  өсіруді 
қолға  алдым.  Негізінен,  «Жұмыртқадан  жұмыртқаға  дейін»  деген 
бағдарлама  бар.  Ол  –  ең  алдымен,  жұмыртқадан  құс,  одан  қайта 
жұмыртқа өндіру. Осы бағдарлама арқылы бөдененің жұмыртқасын 
іздеп  еліміздегі  бірнеше  қаланы  аралап,  ақырында  Қостанай 
қаласынан  1200  дана  жұмыртқаны  70  теңгеден  сатып  әкелдім. 
Алғашында  қиын  болды.  Өйткені  әкелген  жұмыртқаның  500-і 
ғана  балапанға  айналып  қалғаны  жарамсыз  болып  қалды.  Кейін 
Ресейдің Омск қаласынан тапсырыс арқылы жұмыртқадан балапан 
шығаратын  құрылғыны  алғыздым.  Жұмыртқа  ол  құрылғыда  16 
күнге  жуық  тұрып,  кейін  3  күн  ішінде  балапан  шыға  бастайды. 
Балапандарға 44 күн бойына «Рост», «Старт» деген азықтарын бердік. 
Одан өзге дәнді–дақылдар біріктірілген өнім бар. Ол тек Ресей елінде 
өндіріледі.  Сол  жақтан  тапсырыс  арқылы  алып  отырмыз.  44  күн 
арнайы  дайындалған  азықпен  қоректеніп  өскен  бөдене  жұмыртқа 
бере  бастайды.  Тағы  бір  айта  кететін  жайт  –  бөдененің  тек  етінің 
салмағы 280-290 грамды құрап отыр.
Жалпы  бөдененің  түрі  көп.  Соның  Қазақстанда  қоректене 
алатын үш түрін өсіріп жатырмын. Олар Техас, Монжурский, Фараон. 
Олардың әрқайсысының бабы ерекше. Бұл құстардың түрі өте нәзік 
келеді.  Уақытылы  мөлшермен  тамағын  бермесе,  +18,  +20  градус 
жылылық болмаса, жиі жарық жақсақ та, көп адам кірсе де жұмыртқа 
бермейді. Бүгінде осы кәсіп арқылы екі отбасын жұмыспен қамтып 
отырмын. Олар кезекпен бөденелерді бағуда. 
(Baq.kz)  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет