Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет127/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   251
Реформаның отаршылдық сипаты. Реформаның жалпы алғанда отаршылдық сипаты басым болды. Ол реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті. Қазақстанның кең-байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті. Патша үкіметі бұдан былай қазақтардың жерін кез келген сылтаумен оп-оңай тартып ала беретін болды. Мұның ақыры дала тұрғындарының ежелгі атамекен жерлерінен айырылып қалуына, сөйтіп қайдағы бір құнарсыз және тұзы бетіне шығып жатқан сортаң жерлерге ығыстырылуына жеткізді. Құнарлы жерлер ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен казактарға, шенеуніктерге үлестірілді. Патша үкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды-солды емін-еркін пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.

Болыстардың сайланып қойылуы - Қазақстанның бүкіл аумағын руаралық кескілескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жіберді. Сайлауда шар салушының дауысын сатып алу кеңінен етек алды. Болашақ болыстар орыс үкіметінің аузына қарап, жалтаңдаудан көз ашпады. Қайтсем солардың қолдауына ие болып, қаһарлы қолшоқпары болсам екен деп армандады.
Сұлтан тобын басқару жүйесінің орта және жоғары буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды. Отаршыл Ресей қазақ мемлекеттілігінің ең соңғы қалдықтарын да жойды. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкімшілік қызметтерге барар жолы заң жүзінде біржола жабылды.
Жаңа міндетті борыштар мен алым-салық түрлерінің еселеп енгізілуі қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жіберді. Болыстарды, ауыл старшындарын, сондай-ақ олардың толып жатқан шабармандарын ұстауға жұмсалатын қаржы да халықтан жыл сайын қосымша жинап алынды. Әртүрлі қажеттіліктерге жұмсау үшін қара шығын деп аталатын қосымша салық та салынды. Бұдан түскен қаржы жол салуға, оны жөндеуге, көпір, мешіт, мектеп, аурухана салуға жұмсалды. Патша үкіметі Қазақстаннан орасан зор мөлшерде қаржы жинап алумен болды. Оның бір бөлігі отаршыл әкімшілік пен әскери күштерді ұстауға жұмсалды, енді бір бөлігі орталыққа жіберіліп отырды.
Патша үкіметі қазақтардың ежелгі дәстүрлі қоғамын күйретті. Болыстар мен уездер құру кезінде рулық ерекшеліктер ескерілмеді. Дәстүрлі билер сотының құқықтары елеулі түрде қысқартылды.
Сонымен қатар реформаның барысында ел өміріне кейбір жаңалықтар да енгізілді. Қалалар тұрғызылып, теміржолдар салына бастады. Ертіске кеме түсірілді. Білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қатары арта түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет