Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


& 4. Қазақ халқының әскери өнері мен әскери әдет-ғұрыптары



бет13/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

& 4. Қазақ халқының әскери өнері мен әскери әдет-ғұрыптары


Ұлы Дала тұрғындарының ежелден-ақ әскери өнерімен даңқы шықты. Қазақ халқы арғы ата-бабалары - сақтар, ғұндар мен қыпшақ, түркілердің жауынгерлік рухын мұра етіп алды. Туған жері, Отаны мен халқын сыртқы жаулардан қорғауда ерліктің өшпес үлгісін танытты.
1. Халық жасағы. Қазақ қоғамында кәсіби және тұрақты әскер болмады. Ел басына қауіп-қатер төнген кезде, дұшпанның шабуылына тойтарыс беру үшін халық жасағы құрылды. Халық жасағы ру-тайпалық негізде ұйымдастырылды. Хан мен сұлтандар төлеңгіттерден тұратын шағын қарулы сарбаз ұстады.
Әрбір ер кісі жауынгер болуға міндетті еді. Бұл туралы Қазақстанда XIX ғасырдың басында болған зерттеуші Я. Гавердовский былай деп жазды: «Қырғыздарда (қазақтарда) әскери өнер қасиетті саналып, онымен бүкіл халық айналысты. Қару ұстай алатындардың барлығы өзімен бірге қылыш, кем дегенде пышақ алып жүруі, ал ел шетіне жау тигенде халық жасағы құрамына қосылуы тиіс болды». Азғана уақытта көшпелілер көп санды және қуатты әскер жасақтай алды. Жекелеген рулардың күш құрылымдары қысқа мерзімде бүкілхалықтық жасақ жиналатын жерге келіп жетіп, ірі әскер құрамына қосылды. Ірі әскери құраманы даңқты батырлар басқарған. Бүкілхалықтық әскери жасаққа хан қолбасшылық етті.
Әр жауынгердің алыс жорықтарға арналған екі немесе одан да көп аты болды. Бір атты шайқасқа дайындаса, енді біріне өзі мінген, қалғандарымен азық-түлігі және қару-жарағының бір бөлігін алып жүрген. Әрбір рулық жасақтың ұраны арғы ата-бабасының руындағы қасиетті саналатын тұлғаның есімімен аталынды. Хан мен сұлтандардың ұраны қатардағы жауынгерлерден ерекше еді. Жалпы қазақтың ұраны «алаш» - түркі тілдес халықтар мен қазақ халқының мифологиялық арғы атасының есімін білдірді. Ұрандар жауынгерлерге рух пен күш-жігер, ұрыста қайрат, жеңіске деген сенімділік берді. Әр жасақтың өз туы мен белгісі болды.
Әскери жасақ жоғары жауынгерлік рухымен ерекшеленді. Туысқан руластардан құралған жасақ сарбаздары ұрыс алаңын тастап кетуді немесе қашуды ешуақытта ойына да алмады. Далалықтар сатқындық пен қорқақтықты жек көрді, ондайларды қатал жазалады.
2. Батырлар. Қазақ даласы жау шабуылына ұшырап отырды. Өздері туып-өскен кең-байтақ даланың әр сүйем жерін қорғап қалу жолында жиі-жиі күреске шығуға тура келді. Қазақтар шайқаста ерлігімен көзге түскен қатардағы жауынгерлер мен қолбасшыларды «батыр» атаған. Батыр атағы халық тарапынан жеке тұлғаларға қан майданда ерліктің ерен үлгісін көрсеткендерге ғана берілді. Бұл атақ мұрагерлікке қалдырылмады. Батыр атағын хан-сұлтандар да, билер мен қарапайым халық та ала алатын. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Әбілқайыр, Абылай мен Кенесары хандар да батыр атанды. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамында халықтың құрметіне бөленген батырлар көп болды. Бұл қазақтардың жоңғар басқыншыларына қарсы жүргізген азаттық күресіне байланысты еді. Басқыншыларға қарсы күресте Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Малайсары, Олжабай, Тайлақ, Байымбет және т.б. батырлардың даңқы шықты. Ерлігімен айрықша танылған батырлар Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде жерлену құрметіне ие болды. Қазақ халқы балаларына әйгілі батырлардың есімдерін берген.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет