Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет155/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Дискриминация - адамды кемсіту, оның құқығын шектеу, әлеуметтік қорлау.
Табыс табу - село тұрғындарының күнкөріс үшін табыс табу мақсатымен маусымдық уақытша жұмыс іздеп қалаға не басқа жаққа кетуі.
Нұрекен (1799-1874) - Алтай таулы округіндегі ірі жер иесі, бай адам. Оның 12 мың жылқысы болған. Меккеге бірнеше рет қажылыққа барып қайтқан.
Қосым Пішенбаев (1844-1932) - Ертіс бойындағы және Орталық Қазақстандағы көптеген кен орындарын бірінші болып ашқан адам. Соның ішінде Екібастұз көмір кеніші және Майқайың полиметалл кен орындары да бар.



Успенск мыс кеніші жұмысшылары мен қызметшілерінің 1905 жылғы 6 желтоқсандағы петициясынан
«Біз кеніштегі өмірдің қазіргі ауыр жағдайында өзімізге жүктелген міндеттерді орындай алмаймыз, ол кеніштегі қазіргі жағдай түзеліп, жақсарған кезде ғана мүмкін болады деп санаймыз және сол үшін мына мәселелердің шешілуін талап етіп, қаулы қабылдадық:

  1. Бізге еңбекақы ретінде босатылатын азық-түлік өнімдерінің барлығының да бағасы шұғыл түрде арзандатылсын, өйткені олардың қазіргі бағалары өте қымбат және заңсыз белгіленген...

  2. Жалақының мөлшері көбейтілсін... айыңа 50 сомға дейін алатындардың жалақысы 25 пайызға, ал 50 сомнан көп алатындардың жалақысы 15 пайызға арттырылсын.

  3. Ылғалы мол шалшықты забойда жұмыс істейтін адамдарды кеніш кеңсесінің есебінен су өткізбейтін киім-кешекпен және аяқкиіммен тегін қамтамасыз етіп, толық жабдықтайтын болсын...

  4. Таяу уақыттың ішінде тұрақты жұмыс істейтін орыс-қырғыз (қазақ. - авт.) училищесі ашылатын болсын...

  5. Қырғыз (ңазақ. *- авт.) жұмысшылары тұратын казармалардағы жағдай шұғыл түрде жақсартылсын. Казармалардың есік-терезелерінің жақтауы жоқ, терезелерге әйнек орнына қап, құрым киіз тұтып қойылған. Мұның өзі гигиенаның ешқандай талаптарына сай келмейді...»

Бекмаханов Е. Б. Жеті томдық шығармалары. - Павлодар, 2005, 4-том, 172-бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет