Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет153/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   251
Теміржолдардың салынуы. Қазақстанда өнеркәсіптің дами бастауы, өндірілген шикізаттарды тасып әкету үшін теміржолдар салу ауадай қажет болды. Орыс фабриканттары Ресейді шығыстағы шет аймақтармен байланыстыратын теміржолдар салуды патша үкіметінен XIX ғасырдың 60-70-жылдарының өзінде-ақ сұраған болатын. Ташкенттен шыққан түйе керуені Орынборға 100 күн дегенде әрең жететін. Мұндай жағдай сауда-саттық пен өнеркәсіптің жедел дамуына көп кедергі келтірді.

Сондықтан да XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласына теміржол магистральдары салына бастады. 1891-1893 жылдары Покровская слобода - Орал теміржол желісі тартылды. 1894 жылдан бастап Челябі мен Омбы арасында теміржол қатынасы орнады. 1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолы салынды.
Қазақ халқының арасында теміржол құрылысында жұмыс істеп, табыс тауып қайту кеңінен өрістеді. Орынбор-Ташкент теміржолын салуға 40 мыңға жуық қазақ қатысты. Маусымдық жұмыстарда істегендердің көпшілігі кейін теміржол бойында жұмысқа орналасып, қазақтың кәсіби жұмысшыларының қатарын қалыптастырды.
Кейде қазақтар өздерінің туған өлкесінен тыс жерлерге де барып жұмыс істеді. Мәселен, 1895 жылы Семей облысы Павлодар уезінің 2 мыңға жуық қазағы Тайга бекетіндегі теміржол құрылысында еңбек еткен. Тап сол жылы мыңнан астам қазақ Ачинскіге таяу жерде теміржолдың Орта Сібір учаскесі құрылысында жұмыс істеді.
Қазақстаннан теміржолдар арқылы ауыл шаруашылық шикізаттары тасылды. Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан мақта, жеміс-жидектер жөнелтіліп жатты. Қазақстанға теміржол арқылы егіншілікке қажетті машиналар мен еңбек құралдары жеткізілді. Сондай-ақ көп мөлшерде ағаш бөренелер, құрылыс материалдары, мануфактура өнімдері, қант және шай әкелінді.
Теміржолдарда жұмыс істеу мамандандырылған жұмысшылардың болуын қажет етті. Жергілікті жерлерде ондай жұмысшылар болған жоқ, барының өзі жетіспеді. Патша үкіметі ондай мамандандырылған теміржол және өнеркәсіп жұмысшыларын негізінен Ресейдің еуропалық бөлігінен әкелінген орыстардан қалыптастыруға күш салды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет