Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


жылы ол Орынбор шекара комиссиясы



бет201/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

1857 жылы ол Орынбор шекара комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тілдерінде еркін сөйлей білді. Кейінірек халық ағартушысы ретінде өздігінен оқып, білімін арттыра түсуді белсенді түрде жалғастырды. Дүние жүзі әдебиетінің классиктері В. Шекспирдің, И. Гетенің, Д. Байронның, А. С. Пушкиннің, Н. В. Гогольдің, М. Ю. Лермонтовтың, Ғ. Низамидің, Ә. Фирдаусидің, Ә. Науаидың шығармаларын зор зейін қойып оқыды.
Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына орыс педагогы К. Ушинскийдің және чех ойшылы
Я. Коменскийдің еңбектерімен таныс болуы игілікті әсерін тигізді. Ы. Алтынсарин орыстың көрнекті демократтары
Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың, А. И. Герценнің және басқалардың шығармаларымен де таныс болды.
Мектепті бітіріп шыққан халық ағартушысы Ы. Алтынсарин үш жылдай атасының қол астында кеңсе қызметкері болып істеді. Осы жылдар ішінде ол өз халқының сауатын ашып, білімін көтерудің аса қажет екенін жете түсінді.

  1. Ағартушының педагогикалық қызметі. Білімін жүйелі түрде жетілдірудің нәтижесінде ол өз заманының аса білімді азаматы болды. Орыс педагогика ғылымын терең зерттеп білу оны қазақ халқының көрнекті ағартушысы етіп қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап екі оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты.

Ол қазақ балалары үшін зайырлы мектептер ашуды армандады. 1860 жылы облыстық басқарма оған Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып тағайындалды. Ағартушылық идеялары жігерлендірген ол ауыл-ауылды аралап, жергілікті халыққа білім алудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіруге күш салды. Ондай мектептер ашу үшін қаржы-қаражат жинауды қолға алып, ақшаның алғашқы үлесін Ы. Алтынсариннің өзі қосты. Осыдан бастап оның ағартушылық және педагогикалық қызметі басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет