Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Медресе - ислам дінін оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны. Зайырлы білім



бет200/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   251
Медресе - ислам дінін оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.
Зайырлы білім - ғылыми білім негіздері.
Семинария - мұғалімдер даярлайтын кәсіби оқу орындарының бір түрі.
Айдархан Тұрлыбаев (1877-1937) - қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысына белсене қатысушы.
Гаспринский Исмайыл (1851—1914) - Ресейдің белгілі ағартушысы және қоғам қайраткері. Өзінің бүкіл өмірін Ресей империясы мұсылмандарының құқығын қорғауға арнады.



«Орынбор азаматтық гимназиясында, қырғыздар үшін Троицкіде ашылған мектепте оқып жүрген балалардың оқуы қанағаттанарлық. Қырғыз халқының балаларына тән тамаша қасиеттер бар. Олар білім алуға аса ыждағаттылық, әдепті мінез және соншалықты құштарлық танытады. Қырғыздардың оқуға деген ғажайып құштарлығын... балаларын Орынбор азаматтық гимназиясына орналастыру үшін күміс ақшамен 55 мың сомнан астам қайырымдылық көмек бергенінен де көруге болады. Әділін айту керек: қырғыз балалары өздерінің мінез-құлқы, оқуға ыждағатты ықыласы, білімді тез әрі тамаша меңгеруге қабілеті жағынан қалай мақтауға да әбден лайық».
Собысевич Ф. Торғай облысы және оның құрылымы // Әскери жинақ, 28-том. 1871, 271-275-беттер. Ресей. Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы. 19-том.



& 54. Ыбырай Алтынсарин – Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы


Аса көрнекті педагог, жазушы, фолъклоршы, этнограф әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының білім көкжиегін кеңейтуде, ағарту саласында аса зор рөл атқарды.
1. Ы. Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы. Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленеді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шы- ғыстанушы ғалым В. В. Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасын Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді.
Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдасына жаратуға талпынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет