Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


& 58. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – ақын, ойшыл және ағартушы



бет222/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

& 58. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – ақын, ойшыл және ағартушы


Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) - қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, энциклопедист-ғалымы. Ол тірі кезінің өзінде-ақ дала тұрғындары үшін дана да қасиетті адам саналды.
1. Балалық және жастық шағы. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Баянауыл сыртқы округінің Қызылтау тауының етегінде орналасқан «Ашамайтас» елді мекенінде дүниеге келген. Ата-анасының азан шақырып қойған есімі Адам Жүсіп. Ол 9 жасқа толғанда аға сұлтан Мұса Шорманов халық аңыздары мен дастан, поэмаларын жатқа айтқаны үшін «Мәшһүр» атандырады. «Мәшһцр» сөзі араб тілінен аударғанда «атақты», «даңқты», «белгілі» ұғымын білдіреді. Ол осы Мәшһүр Жүсіп есімімен халық арасында кең танылды.
1861 жылы алапат жұт кезінде оның отбасы бар малынан айырылады. Сол кезде Мәшһүр Жүсіптің әкесі: «Адамның тірегі мал емес, білім!» - деп, баласын сауат ашуға медресеге береді. Мәшһүр Жүсіп 1872-1874 жылдары Бұхарадағы Көкілташ медресесінде оқып, араб, парсы және шағатай тілдерін меңгеріп алады.
2. Ағартушылық жолында. Мәшһүр Жүсіп жас кезінен халық ағарту ісі мен білімге ерекше ден қойды. Ол жайлы ақынның өзі былай деп жазды:
Бұл Мәшһүр Бұқар барған, Қоқан барған.
Ойым бар: барсам деген одан да әрмен.
... Жасымнан ғылым іздеп кеткен басым,
Жерімде жүрген, тұрған сөзім қалған.
Мәшһүр Жүсіп Қызылтау жерінде қазақ балаларына араб әліпбиін үйретіп, олардың білімге деген қызығушылығын оятты. Ол өз отандастарын қолөнер, егіншілік, сауда кәсібімен белсенді түрде айналысуға шақырды. Білім алу, сауатты болу мен өмірге қажетті еңбек дағдысына ғылыми тұрғыда машықтануды ұлтты жаңғырту мен дамытудың бірден-бір жолы деп білді.
Мәшһүр Жүсіп ғылым мен білім, мәдениет мәселелері жайлы орыс жазушысы Ф. Достоевскиймен хат алмасып тұрды. Халық арасында А. С. Пушкиннің өлендерін оқуды насихаттады, өзі де оның бірқатар өлеңдерін аударды. Озық ойлы Алаш зиялыларымен араласып тұрды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет