Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Е. Пугачев әскерінің ұлттық құрамы



бет30/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Е. Пугачев әскерінің ұлттық құрамы

Орыстар

Чуваштар

Черемистер

Башқұрттар

Татарлар

Қалмақтар

Қазақтар

2. Қазақтардың көтеріліске қатысу барысы. Қазақтар шаруалар көтерілісінің алғашқы кезінен бастап-ақ Ресей империясы шекарасының Қазақстанмен шектесетін бүкіл өн бойында шабуыл үстіне шабуыл жасап тұрды. Олар казактардың еккен егінін таптап кетті, азық-түлік тиелген арбалы керуендерін талап әкетумен болды. Қазақ жасақтарының бір бөлігі Е. Пугачев көтерілісшілерінің атты әскер полкына қабылданды. Қазақтардан құралған жасақ командирі атаман Андрей Овчинников Жайық казактары атты әскерлер полкы құрамында шайқасты.
Нұралы хан қарамағындағы 1000 сарбазымен Жайық қаласына келіп, Е. Пугачевке қызмет етуге әрқашан әзір екенін білдірген. Бірақ кейінірек екі жаққа да қосылмайтын бейтарап саясат ұстанды, тіпті патша әскеріне көмектесуге де уәде берген. Ал іс жүзінде соғыс өрті шарпыған аймақтан алыс көшіп кетуге тырысты. Өзінің мұндай іс-әрекеті арқылы хан өзара шайқас үстіндегі екі жақтың да көз алдында өз беделін жоғалта бастады.
1773 жылы қазақтар Орынбордан Гурьевке (қазіргі Атырау) дейінгі барлық әскери бекіністерді қоршауда ұстап тұрды. Бұған қарсы патша әскерлерінің кейбір әскери күші бөлінді. Қазақ көтерілісшілерінің жасақтары 1773 жылғы қазаннан 1774 жылғы наурызға дейін Орынборға тікелей шабуыл жасауға қатысты. Мәселен, қалаға тікелей шабуыл жасауда Досалы сұлтан басқарған, құрамында 200 сарбазы бар әскери жасақ ерекше көзге түсті.
Қазақтардың бірқатар жасақтары шекара шебін кесіп өтіп, Еділдің бойындағы бекіністерге шабуыл жасады. Олар Царицын мен Астрахан түбіне дейін барды. Жайық әскери бекіністер шебіндегі патша әскерлері гарнизондарының жағдайы мүшкіл халде қалғаны соншалық, жоғары әскери басшылық шағын бекіністерді тастап шығуға бұйрық беруге дейін барды.
Қазақ рубасыларының бір тобы Е. Пугачев көтерілісіне қолдау көрсетуді бірден жақтады. Мәселен, Ералы, Досалы, Айшуақ, Сейдалы сұлтандар көтерілісшілер жағына шықты.
Қазақ жасақтары ұсақ-түйек бекіністерді қоршауда ұстап, оларға тікелей шабуыл жасап қана қойған жоқ, сонымен қатар ірі-ірі әрі бекінісі күшті қамалдарға да, атап айтқанда, Жайық қалашығына, Гурьевке, Орскіге (Ор), Саратовқа және Пензаға тікелей жасалған шабуылдарға да белсене қатысты. Тек Орынбор қамалының түбінде және оған таяу маңайда бірнеше мың қазақ сарбаздары соғысты. Бекіністерге тікелей шабуыл жасау кезінде, бірінші кезекте, оның ішкі жағындағы ағаштан салынған құрылыстарды өртеп жіберуге тырысты. Ол үшін садақ жебесінің ұшына ағаш қабығын байлап, оған от қойып атқылауды қолданды. Қазақ жауынгерлері зеңбірек доптары келіп түскен бойда суға малынған киізбен жауып, жарылдырмаудың да амалын тапты.
Патша әскерлерімен болған көп күндік әрі табанды шайқастарда көбінесе қазақ жауынгерлері жеңіске жетіп жүрді. Қазақтардың атты әскер жасақтары кең далада көзді ашып-жұмғанша шашылған тарыдай тез тарап кетіп, алысқа барған соң дұшпанға қайыра соққы беру үшін шапшаң шоғырлана қоятын.
Қазақтар Е. Пугачев әскерін азық-түлікпен және жемшөппен қамтамасыз етіп отырды, стратегиялық маңызы бар байланыс жолдарын бақылауға алды.
Ресеймен шекаралас аудандардағы көтеріліс қазақтарға отаршылдық қысым жасауды әлсірететін болар деген үмітпен Абылай хан Е. Пугачевпен хат жазыса бастады. Сонымен қатар ол патша үкіметінің жазалаушы әскери жасақтарына көмек көрсетуден үзілді-кесілді бас тартты. Оның үстіне, өзінің қол астындағылардың Ресейдің шекара шебіндегі бекіністерге шабуылдар жасап тұруына ресми түрде рұқсат етті.
Орта жүзде Е. Пугачевтың көтерілісіне Есіл және Тобыл өзендерінің жоғарғы ағысы аймағында көшіп-қонып жүрген қазақтар қатысты. Ал оларды патша үкіметі Жаңаесіл аймағынан күштеп қуып шыққан еді. Олар қазақтың керей, қыпшақ, арғын рулары болатын. Бұл рулар өздерінің әскери жасақтарын құрып, оларды көтерілісшілерге көмек беру үшін Орынборға аттандырды. Е. Пугачев Орта жүздің ру старшындарымен үдайы келіссөздер жүргізіп, хат алысып тұрды. Ол екі әскерді бір-бірімен қосу туралы келіскен де болатын. Бірақ Пугачевтың Троицк қамалы түбінде қатты жеңіліске ұшырауы салдарынан екі әскер бір-біріне қосыла алған жоқ. Сондықтан да қазақ жасақтары өз алдарына дербес соғысуға мәжбүр болды.
Орта жүз қазақтары толқуының күшті болғаны соншалық, патша үкіметі Сібірдегі және Орынбор губерниясындағы әскерлерінің едәуір бөлігін оларға қарсы аттандырды.
Е. Пугачев көтерілісшілерімен Башқұртстанға шегініп кеткеннен кейін, қазақ жасақтарының бір бөлігі Жайық бойындағы далаларда қалып қойды. Басқа бір бөлігі көтерілісшілермен бірге Еділдің орта және төменгі ағысы бойына кетті.
1774 жылдың жазында Орта жүз қазақтарының жасақтары Алабұға дала бекінісін толық талқандады. Ол Звериноголов және Петропавл бекіністерінің ортасында болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет