Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Қазақтың Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуының негізгі себептері



бет29/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

1. Қазақтың Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуының негізгі себептері. Осы көпұлтты қозғалысқа қазақтардың да қатысуына түрткі болған бірнеше негізгі себеп бар еді. Біріншіден, мал жайылымы жетіспеді. Патша үкіметі қазақтар Ресейдің қол астына өтуді қабылдаған бойда-ақ олардың шекара шебінің ішкі жағына өтуіне, сондай-ақ оған жақын көшіп-қонуына қатаң тыйым салған болатын. Оның үстіне, 1765 жылы Ертіс өзенінің бойындағы шекара шебінде ені 10 шақырымдық алқаптың ұзына бойынан өтуге де тыйым салынды. 1771 жылы Еділ мен Жайық аралығындағы қалмақтардың үлкен бір бөлігі өздерінің тарихи отанына - Жоңғарияның қаңырап бос қалған жеріне жетуге көш бетін түзеді. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары патша үкіметінің айдап салуымен Жоңғарияға көшіп бара жатқан қалмақтарды тас-талқан етіп қыруға белсене қатысты. Қалмақтардың Еділ мен Жайық аралығындағы жайлаған жерін иемденіп қалуға қазақтар заңды құқығымыз бар деген талап қойды. Бірақ патша үкіметі бұл талапқа құлақ асқан жоқ, қазақтардың Жайықтың оң жақ өңірінен көшкен қалмақтардан босап қалған атамекен жерлеріне қайтадан қоныс аударуына үзілді- кесілді қатаң тыйым салды.
Екіншіден, қазақ халқы өздерінің жер аумағында әскери бекіністер салуға қарсы болатын. Өйткені мұның өзі көшпелі мал жайылымын елеулі түрде тарылтты. Үшіншіден, патша үкіметі 1752— 1755 жылдары бұрын Орта жүз қазақтары емін-еркін көшіп-қонып жүрген Жаңаесіл аймағын басып алды. Төртіншіден, патша үкіметі барымташыларды ұстау үшін «әскери іздестіру» деген сылтаумен қазақ даласына әскери топтарды әдейі жіберуді жиілете түсті. Ал мұның өзі шынтуайтына келгенде, қазақ ауылдарын кәдімгідей ашықтан- ашық талан-таражға салып тонаудың жымысқы тәсілі болып шықты.
Қазақстандағы көтеріліс Е. Пугачевтың жариялаған манифесінің ықпалымен басталды. Көтерілістің басшысы өзінің үндеуінде қазақтарға жер, су, орман алқаптарын, қару-жарақ, оқ-дәрі мен қорғасын, киім-кешек беруге, сондай-ақ олардың бұрынғы дәстүрлі әдет-ғұрыптары бойынша өмір сүруіне, діни сенімдерін ұстануына рұқсат етемін деген уәде берді. Есесіне ол өзінің орыс патшасы деген мәртебесін «қалпына келтіруге» әскери көмек сұрады. Мұндай манифестер қазақтарды Е. Пугачев көтерілісшілеріне қосылуға итермелеген жалынды үгіт еді.
1773 жылы Е. Пугачев Кіші жүздің көші-қон аумағында құпия түрде болып қайтты. Қазақтардың жағдайымен жете танысуға үлкен ықылас білдірді. Жайық казактарын көтеруден көп бұрын қазақтардың көмегіне ие боламын деп үміттенді. Ел арасында ықпалы күшті қазақ старшындарымен жиі-жиі әңгімелесті. Тап сол жылдың аяқ кезінде ол Кіші жүз жеріне құрамында 400 адам бар жасағын ертіп тағы да келді. Жасақтың құрамында орыстар, чуваштар, черемистер, башқұрттар, татарлар және қалмақтар болды. Көтеріліс жетекшісі өз жасағының құрамын қазақтарға көзбе-көз көрсету арқылы әскерінің көпұлтты екеніне көміл сендіргісі келген еді.
Бірқатар қазақ рулары Е. Пугачевке қолдау көрсетуге ықылас білдірді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет