Айып - қылмыс жасап, жазалы болғандығы үшін заттай не ақшалай төленетін ақы.
Барымта - жауласқан екі рудың бірінен-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алып, кек қайтаруы.
Құн - кісі өлтірген адам тарапынан төленетін төлем.
Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865) - аса көрнекті қазақ ғалымы.
«Билер сотының ең басты артықшылығы, біздің ойымызша, онда немқұрайлылық пен қандай да болсын кертартпа ескішілдіктің жоқтығында болып табылады. Бидің билік кесімі оның беделіне негізделген және бұл атақ оған сот істеріне қатысуға берілген патент саналады. Жүгінетін биді таңдау... оларды сайлап қою тәртібін толық алмастыра алады, тіпті әдетте ондай сайлау өткізу кезінде көзделген мақсаттан да жақсы нәтижеге қол жетер еді. Біздегі билер қазір сот ісімен өздерінің бойына біткен табиғи қабілеті бойынша айналысады және өздерінің беделі мен атақ-даңқына дақ түсірмеуге тырысады. Егер олар сайлап қойылатын шенеуніктерге айналатын болса, онда қай жағынан алсақ та, қазіргі басшыларымызға ұқсап шыға келер еді, жұрттың бәрінен болмашы нәрселерді сылтауратып пара алуды және өзі де басқалардың бәріне пара беруді үйренер еді... Ондай арам ойлы би қазіргі жағдайда ешқандай дау-дамайсыз-ақ назардан тыс қалар еді». Уәлиханов Ш. Ш. Шығармаларының бес томдық жинағы. Алма- ты,1985, 4 том, 93-бет.
Екінші бөлім ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
& 13. Бөкей хандығының құрылуы
1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарыныц бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845 жылға дейін өмір сүрді. Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз беттерінше жаппай көше бастады. Мұның бірнеше негізгі себептері бар еді. Біріншіден, шекара шебіне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тапшылық көрді. Екіншіден, қазақтар өздерінің бұрынғы атақонысына қайтып баруға тырысты. Ал ол қоныстар Ресеймен шека- ралық шептің ішкі жағында қалып қойған болатын.
1771 ясылы Еділ қалмақтарының елеулі үлкен тобы Шыңжаңға көшіп кеткеннен кейін Еділ мен Жайық аралығында босап қалған жерлер болды. Үшіншіден, Е. Пугачев пен С. Датұлы бастаған көтерілістер аяусыз басып-жаншылғаннан кейін патша үкіметі бұрыннан белгілі «бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл принципі бойынша біртүтас Кіші жүзді әлсіретуге тырысып бақты. Әбілқайыр ханның ұрпақтары болып табылатын бірнеше топтың арасында тақ таласын шиеленістіре түсті. Хан тағынан негізгі үміткерлердің бірі Бөкей сұлтан болатын. Бірақ 1797 жылы қартайған Айшуақсұлтан Кіші жүздің ханы болып шыға келді. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы Жайықтың оң жақ бетіне көшіп бару ғана қалды. Бұл Шыңғыс ұрпақтары мен шекара өңірі тұрғындарының мүддесіне сай келетін еді.