Мешіт -мұсылман қауымының намаз оқуға жиналатын, Аллаға сиына тын орны.
Зайырлы - діни емес, азаматтық өмір салты.
Жәңгір хан Бөкейұлы (1801-1845) - Бөкей Ордасының ханы.
«Ол мұсылманшылықпен қатар нағыз ағартушылық ісін де қолға алды. Жәңгір ханның қағаздарын ақтарып отырып, мен олардың арасынан... ресми хатты тауып алдым. Оны жол қатынастары мен көпшілікке арналған ғимараттар басқармасының бастығы Г. К. жазыпты. Осы хаттан айқын көрінетініндей, Жәңгір тек өзінің балаларының ғана емес, басқа да қырғыздардың (қазақтардың. - авт.) балаларының еуропалық білім алғанын қалаған... Осы хаттағы сияқты, Жәңгірдің басқа да қағаздарынан оның қырғыздар (қазақтар. - авт.) үшін ғылым- білімнің өте қажетті әрі пайдалы екені туралы көміл сеніммен бірнеше рет қайталап айтқанын көруге болады. Мұндай нәрсе ордалықтарды басқарып жүрген орыс шенеуніктерінің ойларына да кіріп-шықпайтыны таңғалдырады ». Алекторов А. Е.Қырғыздардың елін, тарихын және тұрмыс-тіршілігін зерттеуге қажетті материалдар. Орынбор, 1892.
& 14-15. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы. Әкімшілік-аумақтық басқарудың жаңа жүйесін енгізу
1822 және 1824 жылдары патша үкіметі Орта жүз бен Кіші жүздегі хан билігін жойды. Қазақтар өзініц мемлекеттілігінен осылайша айырылды. Алайда сан жылдар бойы мемлекеттілігін қалпына келтіру үшін күресумен болды.