Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс



бет94/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс. Сыр бойындағы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісін басқарған батырлардың бірі Есет Көтібарұлы болды. Ол өзінің батырлығымен, орасан зор дене күшімен, парасатты ақыл-ойымен, қызыл тілге шешендігімен, сондай-ақ ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен халыққа ерекше танылған еді. Оның әскери қолбасшылық өнерге шеберлігі, бір орыннан екінші орынға жедел ауысып кете алатын тактикалық тапқырлығы жақсы қаруланған, күші басым орыс әскерлерін қапыда қалдырып, талай рет жеңіске жеткізді.

Есет Көтібарұлы ғажайып шешен адам болатын, өз тыңдаушыларын үйіріп әкетіп, ерлік күреске жігерлендіре білетін. Ағылшын зерттеушісі Бульжер Демитриус Чарлз Есет батырдың өз руластарын патша үкіметіне қарсы күреске жігерлендіре шақырғаны туралы жазды: «Рас, олардың аттары мен қаруы бар. Ат пен қару бізде жоқ деп кім айта алады? Біздің мұхит түбіндегі құмның қиыршығы сияқты көп екеніміз өтірік пе? Өздерің мойын бұрып қараңдаршы: шығыс пен батыста, солтүстік пен оңтүстікте де қаптаған қалың қырғызды (қазақты. - авт.) көретіндерің анық. Сөйте тұра неге біз ат төбеліндей азғана жатжерліктерге бағынуға тиістіміз?!»
1838 жылы Есет батыр Ресейдің Елек бекінісіне шабуыл жасауға қатысты. Жанқожа Нұрмұхамедұлымен бірге Хиуа және Қоқан басқыншыларына қарсы белсене күресті.
1847 жылдың жазында Жем өзенінің бойында Есет батыр патша үкіметінің жазалаушы әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. Батырдың Ресей әскеріне шабуылдары кейін де жалғаса түсті. Патша әкімшілігі Есет батырға қарсы бірнеше рет жазалаушы әскер жіберді. Алайда туып-өскен елінің жер жағдайын жақсы білетін ол жазалаушы отрядты адастырып, оларға таптырмай кетіп жүрді. Оның үстіне, өз жігіттерін екі топқа бөліп, дұшпанды қапыда қалдырумен болды. Есет батырдың жігіттері Ресейдің сауда керуендері мен жазалаушы әскерлеріне батыл да сәтті шабуылдар жасап отырды.
Ресеймен жиырма жыл бойы жанқиярлықпен күрес жүргізген Есет батыр 1858 жылы өз еркімен Ресей империясының бейбіт келісім жасасу жөніндегі шартын қабылдады. Өйткені ол Ресейдің аса қуатты әскери машинасына қарсы бұдан әрі күрес жүргізудің пайдасы жоқ бос әурешілік болып шығатынын түсінді. Патша үкіметі оның бұған дейін Ресей империясына қарсы жүргізген күресіне кешірім жасады. Батыр үй басынан алынатын түтін салығынан босатылды. Кейінірек ол тіііті Торғай облысындағы Ырғыз уездік бастығының көмекшісі қызметіне тағайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет