Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет102/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

3. Қазақтардың денсаулығы. XVIII ғасырдағы белгілі орыс зерттеушісі И. Г. Андреевтің сөзімен айтқанда, «олардың (қазақтардың. - авт.) арасында көптеген адамдар 100 жасқа дейін, тіпті одан да көп жасаған». Қазақтардың мықты денсаулығы мен ұзақ жасауы бірқатар маңызды факторларға байланысты. Біріншіден, дала тұрғындары өмірінің көп уақытын таза ауада өткізеді. Қоныстарын жиі-жиі ауыстырып отырады. Сондықтан да олар өкпе ауруы (туберкулез) дегенді атымен білмеген. Екіншіден, қазақтар, экологиялық таза тағам түрлерін ішіп-жеген. Олардың сүйікті сусыны қымыз болды. Ал қымыздың адам денсаулығына пайдасы орасан зор еді. Қымыздың емдік қасиетін орыс шенеуніктері де жақсы білді. Мәселен, XIX ғасырдың орта кезінде Томск губерниясының губернаторы Супрунюк әр жаз сайын Құлынды даласында болып, қымызбен емделген. Үшіншіден, дала тұрғындарының өмірі ат үстінде өтті.
Неміс зерттеушісі А. Гейнс қазақтардың баланы жас кезінен атқа отырғызатыны туралы жазды. Салт ат мініп жүру адамның денсаулығын нығайтуға өте пайдалы. Төртіншіден, қазақтар арақ-шарап ішімдіктерінен аулақ болды, темекі де тартпады. Бесіншіден, маман дәрігерлер болмаса да қазақтар білікті халық емшілерінің ем-домын пайдаланды. Емшілік өнер оларда ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Немістің зерттеуші ғалымы Ф. фон Шварц қазақтардың денсаулығының мықтылығы жөнінде былай деп жазды: «Қырғыздар (қазақтар. - авт.) Орталық Азиядағы барлық халықтардың ара- сында денсаулығы өте күшті халық. «Қырғыздай қайратты» деген сөз тегіннен-тегін айтыла салмаған». Қазақта ұзақ жасаған - Әнет баба, Төле би, Қазыбек би, Бөгенбай батыр, Бұқар жырау, Бопай ханым, Жамбыл сынды тұлғалар болған.
4. Халық емшілері. Қазақтардың өз емшілері болды. Емшілік өнерін олар ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырды. Халық емшілері тәуіп, ал табиғи шипалы шөптермен емдейтіндер дәрігер деп аталды. Хирургтерді оташы, сынған сүйекті салушыларды сынықшы деп атады. Қазақтың халық емшілері арасында Бұхара мен Самарқандағы медреселерді бітіріп келгендер де кездесіп жүрді. Олар Ибн Синаның медициналық трактаттарымен таныс болатын. Халық емшілері шипалы дәрі-дәрмектерді кеңінен қолданды, тіпті улы заттарды да пайдаға асыра білді.
Шипалы табиғи шөптердің арасында жусанның толып жатқан түрлері, қара андыз, саумалдық, арша, киікоты, қалампыр, тал қабыгы, долана, меңдуана, итмұрын мен мияның тамыры және басқалар жиі қолданылды.
ХІХ-ХХ ғасырларда қазақтың халық емшілері түрлі ауруды емдеуде табиғи шипалы шөптерді кеңінен пайдаланды.
Емшілік ісінде жануарлардан алынатын шипалы өнімдер де жиі пайдаланылды. Мәселен, аюдың және аққудың өті, борсық, суыр, қаз, қой мен жылқының майы емшілерге шипалы өнім ретінде жақсы таныс болды. Қазақ емшілері адам анатомиясын бес саусағындай жетік білді. Олар адам ауруының себебін және оны емдеу жолдарын тек тамыр ұстау арқылы ғана қанның қозғалысынан анықтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет