Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Қазақтардың мықты денсаулығы мен ұзақ жасауының себептері



бет103/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Қазақтардың мықты денсаулығы мен ұзақ жасауының себептері

Көп уақытын далада таза ауада өткізді

Экологиялық таза тағам түрлерін ішіп-жеген. Қымыз ішкен

Өмірі ат үстінде өткен

Арақ-шарап ішімдіктерінен аулақ болған. Темекі тартпаған

Білікті халық емшілерінің ем-домын пайдаланған

Ұлттық ойындар, ат спортымен, аңшылықпен айналысқан

Шөлейт және шөлді аймақтарда науқас адамдарды құмбұлауға түсіру арқылы емдеді. Ал қыс кезінде оларға тұз және шипалы шөп тұнбалары қосылған жылы су ванналарын қабылдау ұсынылды. Қазақ емшілері аурудың бірқатар түрін жаңадан сойылған қой, ешкі, бұзау немесе құлынның жас терісіне бұлауға түсіру арқылы емдеді. Қазақтар тұзды көлдер мен минералды су көздерінің - арасандардың емдік қасиетін ерте замандардан бері жақсы білген. Ондай ем қабылдағандар көптеген буын ауруларынан, сыртқы және ішкі дерттерден құлантаза айығып кететін.


Емшілер қан қысымының артып кетуі кезіндегі бас ауруын қан алу арқылы емдеген. Олар сүлік салу тәсілдерін де жақсы игерген. Жарақат алған адам жарасының қанын тоқтату және жараның күшейіп, асқынып кетпеуі үшін дезинфекция ретінде оған таза күл себуді немесе киіз күйдіріп басуды да кеңінен пайдалана білген.
Халық емшілерінің қолынан босана алмай жатқан ананың нәрестесін шешесінің ішін тіліп алу да, сөйтіп ана мен баланы аман алып қалу да келген. Кәнігі сынықшылар адамның іс жүзінде шығып кеткен немесе сынып қалған жіліктерінің, бұғанасының, тіпті жамбасының кез келген сүйегін орын-орнына қайта сала алған. Психикалық дерті барларды бақсы-балгерлер емдеген.


Наурыз - жыл басы, Жаңа жыл. Шығыс халықтарының көктемгі күн мен түн теңелгендегі мерекесі. Ол ежелгі заманнан бері наурыздың 21-інен 22-сіне қараған күні тойланып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет