Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет104/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Әбу Әли ибн Сина (980-1037) - Орта Азияда өмір сүрген аса көрнекті әмбебап ғалым (философ, географ, дәрігер және ақын). Еуропада ол Авиценна деген атпен кеңінен белгілі.



«Дегенмен де, бұл халық қарапайым ішіп-жемді қанағат тұтады.
Ащы, қышқыл және тұзды тағам түрлерін пайдаланбайды. Олардың (қазақтардың. - авт.) арасында 100 жасқа дейін жасайтын, тіпті одан да асып кететіндер аз емес. Олар көздерінің көру қабілетін ғана емес, сонымен қатар ақыл-есі мен тісін де толық сақтай біледі, ат үстінде емін-еркін әрі мықты отыру қасиетін жоғалтпайды...»
Андреев И. Г. Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы (қайта басылымы). Алматы, 1998, 70-бет.



& 29. Қажымұхан Мұңайтпасұлы – «Қазақ даласының батыры»


Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) - атақты балуан. Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби спортшы. Классикалық күрестен әлем чемпионы, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы. атанып, Ұлы Даланың даңқын асырған қазақ халқының мақтанышы.
1. Балалық және жастық шағы. Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы Ақмола облысының Ақмола уезі Қараөткел ауылында дүниеге келген. Дала тұрғындары өміріндегі барлық мерекелерде спорт жарыстары, оның қатарында қазақша күрес өткізіліп тұрған. Қажымұқан ұлттық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен қайратты адамдарды құрмет тұтатын қоғамда өсті.
Болашақ чемпионның әкесі Мұңайтпас қарапайым, сабырлы кісі болатын. Ол ұлының болашағы үшін алаңдады.
Талантты да қайратты ұлының болашақта өз халқының құрметті азаматы болып өсуін армандады.
Қажымұқанның отбасы кедей тұрды, 4-5 мал басы ғана болды. Материалдық қиыншылыққа байланысты ол жас кезінен байға жалданып жұмыс істеді. Ауыр қара жұмысқа төзімді еді. Он жасар кезінде-ақ астық толтырылған ауыр қанар қаптарды тиеу мен түсіру еш қиындыққа түспейтін.
Табиғатынан күш-қуаты мығым ол өзінен үлкен балалармен күресетін. Бала Қажымұқан ойын-той, мерекелерде ұйымдастырылатын спорттық жарыстарға үнемі қатысып тұрды. Қазақша күресте әрдайым қарсыластарынан басым түсіп, жеңіп отыратын.
Күнделікті күнкөріс қаражатын табу үшін ол Ақмола қаласының дәулетті адамдарына жалданып, қара жұмыс істеді. Осы кезеңнен оның табиғатынан жаратылған күш-қуаты, қайраты анық байқала бастады. Бірде қыстың бір қақаған, үскірік аязды, боранды күнінде қожайын Қажымұқанды ат шанамен даладағы шөпті тасуға жібереді. Қалың омбы қарда тау етіп шөп тиелген шананы тарта алмаған ат әлсіреп құлайды. Сонда Қажымұқан атты шөптің үстіне жатқызып, шананы өзі сүйреп келеді. Ол қалада өткізіліп тұратын мерекелік жарыстарға да қатысып жүреді. Оның есімі бүкіл Есіл өңіріне кең тарайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет