Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет118/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Радлов Василий Васильевич (1837-1918) - Ресей шығыстанушысы, түрколог, этнограф, археолог.



«Қырғыздардың (қазақтардың) ерекше қабілетке ие екендігінде еш күмән жоқ. Бұл халық бүгінгі күні өзінің бірегейлігін сақтап қалған. Халық шығармашылығының үлгілері: мақал-мәтелдер, ән-күй, ертегілер, жұмбақтар, тарихи әңгімелер мен т.б. туындылар бұл халықтың бай тарихының бар екенін айғақтап, сонымен қатар оның бо- лашақ дамуынық кепілі болып табылады. Бостандыққа сүйіспеншілігі, кішіпейілділігі, сенімі мен білімге құмарлығы - қырғыздарға (қазақтарға) тән қасиеттер...»
Васильев А. В. Татарлар мен қырғыздардың (қазақтардың) өзара қатынасы туралы сипаттау материалдарына алдын ала қысқаша очерк. Орынбор, 1898, 28-29-беттер.



Бесінші бөлім
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы


& 33. Семей Ішкі округінің құрылуы


Ертістің оң жағалауында көшіп-қонып жүрген қазақтар үшін 1854 жылы Семей ішкі округі құрылды. Ол 1868 жылға дейін өмір сүрді. Семей ішкі округінің құрылуы қазақ халқының ежелден көшіп-қонып жүрген атамекеніне қайта оралуы жолында ұзаққа созылған күресінің нәтижесі болды.
1. Ертістің оң жағалауындағы қазақтар туралы. 1771 жылдан бастап қазақтардың едәуір бөлігі Ертістің оң жағалауына уақытша тұруға көше бастады. 1788 және 1798 жылдары патша үкіметі қазақтардық Ертістің оң жағалауына тұрақты түрде көшіп баруына ресми түрде рұқсат етті.
Мұның себебі, біріншіден, Уәли ханның билігін әлсіретуге бағытталды. Екіншіден, қазақтардың Ертістің ішкі жақ бетіне көшуге сұраған өтініші одан әрі елеусіз қала беретін болса, онда олардың Қытайдың шекарасына қарай жаппай көшіп кетуінің қаупі төнді. Үшіншіден, Ертістің оң жақ бетінде ішкі Ресейден қоныс аударып келген шаруалар әлі жоқ болатын. Патша үкімет орындары Ертістің оң жағалауындағы қазақтарды Ресей империясына «шын берілгендер», «ішкі» немесе «станицалық қырғыздар» деп атады. Оларды өз сұлтандары мен рубасылары басқарды. Ең ықпалды басқарушы сұлтан Сұлтанбет еді. Ондағы аумақ Ресейге «шын берілген қырғыздар жері» деп аталды. Ал қазақтарға Ертістің сол жағалауындағы далалық қазақтар, «ішкі қазақтар» немесе «орыстың қол астындағылар» деген ат берілді.
Ертістің оң жағалауы мен сол жағалауындағы қазақтардың бір-бірімен құда-құдандалы болуына, қыз алысып, қыз берісуіне рұқсат етілді. Ішкі қазақтар өздерінің қайтыс болған туған-туыстарын Ертістің сол жағалауына жерледі. Қазақтар орыстардың елді мекендеріне жүйрік аттарын мініп, жақсы киімдерін киіп, сән-салтанатымен барып жүретін. Қымбатты қонақтар мен жергілікті әкімшілік шенеуніктерін шай мен қымыз ішкізіп, Бұхара мен Ташкенттен әкелінген өрік, мейізбен сыйлап, күтетін. XIX ғасырдың бас кезінде «ішкі қазақтар» шекара шебіндегі сауда-саттықты өз қол- дарына алуға әрекет жасады. Бірақ олардың бұл әрекеттері қатты қарсылыққа тап болды.
XIX ғасырдың 20-жылдарына қарай «ішкі қазақтардың» саны 12 мың адамға дейін жетті. Олардың басым көпшілігі мал шаруашылығымен, ал аздаған бөлігі егіншілік және саудамен айналысты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет