Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет14/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Қазақтардың қару-жарағы. Көшпелілер өздерінің қару-жарағы болуын мәртебе санаған. Мәселен, қару-жарағы жоқ қазақтар құрылтай жиналысына жіберілмеді. Олар бар абыройы мен дауыс беру құқығынан айырылды. Алаш қай- раткері, зерттеуші ғалым Қошке Кемеңгеровтің пікірінше «Қарулы жас жігіт жиналыста қарусыз руласына орын берме- ген». Сондықтан да қару-жарағы бар, оны шебер қолдана білетін, елін жаудан қорғай алатын адамдарға деген құрмет жоғары еді. Қазақтардың қару-жарағы алыс және жақын қашықтықтағы қоян-қолтық ұрыстарға арналды. Алыс қашықтықтағы ұрыстарда жебелі садақ қолданылды. Жебенің алысқа және серпінді ұшуы үшін оған құс қауырсыны бекітілді. Көшпелі жауынгерлер жебені қорамсақта сақтаған. Қоян-қолтық ұрыста жауға соққы беру үшін болаттан со- ғылған қайқы қылышты, ұшы үшкір өткір селебені, болаттан шыңдалған екі жүзді сапыны пайдаланған. Оларды «қылышбау» аталатын қалыпта ұстаған. Қылышбау ағаштан жасалып, терімен қапталған, күміс және алтын әшекейлермен безендірілген. Қанжар мен пышақ салт атты жауынгерлерге қосымша қару ретінде қызмет етті.

Қазақ жауынгерлері қарсыласын ұшын темірден істіктеп жасаған найзамен және жебесі болаттан үшкір қырлы етіп құйылған ұзын сапты сүгімен жайратқан.
Қазақтар шоқпар мен гүрзі, сойыл, айбалтаны қару ретінде ұстайтын. Мүмкіндігі неғұрлым мол жауынгерлер үстіне болат сымнан тоқылған сауыт, басына темір дулыға киетін.
Дала тұрғындары мылтық пен оқ-дәріні Парсы елі мен Орта Азия хандықтарынан, кейде Ресей империясынан сатып алатын. Бірақ Ресей империясы қазақтарға мылтық пен оқ-дәрі сатуға тыйым салды. Қару-жарақтар жасайтын темір ұсталары далалықтардың құрметіне бөленетін. Қазақ ұсталары білтемен от алатын мылтықтар мен дәріні өздері де жасай алды.

  1. Әскери әдет-ғұрыптар. Қазақ жасағы түгелдей дерлік атты әскерден тұрды. Даланың әрбір тұрғыны Отанға қауіп төнгенде, елін қорғау үшін қару-жарағын асынып атқа қонды. Жорыққа шығар алдында сардарлар әскери кеңес шақырып, алда тұрған шайқастың мәселесін жан-жақты талқылаған. Жасақтың алдында шағын шолғыншы топтар жүріп отырған. Әскери барлаумен қатар олар әскер құрамына қажетті жайылымдық жерлер мен су көздерін табу сияқты шаруашылық міндеттерімен де айналысқан.

Далалықтар дұшпанға тұтқиылдан және қарқынды шабуыл жасаған. Жау жақындап қалғанда әскери қосын шұғыл түрде қарсы аттанып, қолайлы шепке орналасқан. Дұшпанды байқаған сәтте шолғыншы қол тіке шабуылға шыққан немесе жауды қақпанға түсіру үшін кейін шегінген.
Қазақтар әдетте әдет-ғұрып жоралғыларына елеулі мән беретін. Ежелден келе жатқан әскери әдет-ғұрыптардың бірі - алғадай. Шайқас әдетте таңғы уақытта басталған. Соғысатын жақтар әдетте ұрыс басталар алдында өздерінің батырларын жекпе-жек шайқасқа шығаратын. Онда жеңілген жақтың аты мен қару-жарағы олжаға алынатын. Ондай жекпе-жекке көбінесе жас та ержүрек жауынгер шығарылатын. Ол атақты батырлардың бәрінен бата алатын. Міне, ержүрек сол жас жауынгер алғадай деп аталынатын. Жауынгер жекпе-жекте тірі қалатынын немесе ажалы жетіп өлетінін алдын ала ешқашан анық біле алмайтын. Алғадайдың ең басты міндеті - қарсылас жауының көзін жою немесе ең болмағанның өзінде, оны әбден титықтата әлсірету болып табылатын. Қалыптасқан халық дәстүрі бойынша, алғадайға түсетін жауынгерлердің жаназасы оның көзі тірі кезінде шығарылып қойылатын.
Бұл жауынгерлердің күш-қуаты мен рухын көтеруге арналған әскери рәсім еді. Егер батырлар шайқаста астындағы атынан айырылса, жаяу соғыса беретін. Жекпе-жек ұрыста батыры жеңілген жақтың шайқастан бас тартатын кездері де болады.
Батырлардың жекпе-жегі аяқталысымен ұрысқа ірі әскер құрамы араласатын. Негізгі әскери күштің алдында жүретін мергендер бөлімі жауды садақ оғымен атқылайтын, одан кейін қан майданға найзагерлер, олардан соң айбалта, қылышпен қаруланған жауынгерлер кірісетін. Егер алғашқы ұрыс нәтижесіз аяқталса, жылдам топтасып қайта шабуылға шығатын. Дұшпанның арасында дүрбелең тудырып, үрейін ұшыру үшін жан-жағынан қыспаққа алатын. Тағы бір айлалы әдіс — ұрыс алаңынан қашқан сыңай танытып, жауды алдын ала дайындалған торуылға әкеп түсіретін. Көшпелілерде барлау мен байланыс жүйесі жақсы ұйымдастырылатын. А. Левшиннің айтуынша қазақтар «жаудың жақындап қалғанын өз руластарына хабарлау үшін, алау жағып белгі берген».



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет