Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет157/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

56 мың ұйғыр, 14 мың дүнген болды.

  1. Қоныс аударушылардың ауыр жағдайы. Ұйғырлар мен дүнгендер бұрынғы отырған жерлеріндегі өңделіп бапталған жерлерін, жеміс беріп тұрған бау-бақшаларын, үй-жайларын түгел тастап кеткен болатын. Сондықтан да алғашқы жылдары едәуір қиындықты бастарынан кешірді. Жеркепелер мен күркелерде тұрды. Үй салып алуға Жетісуда ағаш өте қымбат болатын. Себетін тұқым, бағатын мал, құрылыс материалдары да жетіспеді. Ұйғырлардың шағын бір бөлігі Қытайдың Іле өлкесіне қайта көшіп кетті.

Қоныс аударып келгендерге шағын жер телімдері берілді. Егер қоныс аударушы орыс шаруаларының әрбір ер-азаматына 20-25 десятинадан жер берілсе, ұйғырлар мен дүнгендер 5-7 десятинадан ғана жер алды.
Алғашқы кезде еңбек құралдары да, оларды сатып алуға қаржы да жетіспеді. Дүнгендерге арық қазып, егінді қолдан суаратын жерлер бөлінді. Ол жерлер құнарсыз еді, әрі олар тастақты болатын. Сондықтан да олардың үштен бірі ғана игерілді. Дүнген халқының бір бөлігі қайыршылық халге ұшырады. Қайыршыланып, қалаға көшіп кеткен дүнгендер өздерінің алғашқы орналасқан жеріндегі болыстарға алым-салық төлеп тұруға міндетті болды.

  1. Ұйғырлардың шаруашылығы. Ұйғырлардың үйлері өзендер мен көлдердің жағасына салынып, дуалмен қоршалды. Әр елді мекеннің өз мешіті, дүкендері мен шағын базарлары болды. Ұйғыр болысын сонау Қытайда Іле өлкесінде тұрған кездерінде сайланған болыс биледі. Басқару жүйесінде сонымен қатар ақсақалдар (старшындар), қазылар (судьялар), онбасы мен елубасы атты билік өкілдері де болды.

Ұйғырлар тау етегіндегі егіншілікке неғұрлым қолайлы жерлерге орналасты. Егістік жерлерді суландыру үшін бұрынғы ескі арықтарды жөндеді және жаңа арық-каналдар қазды. Кейбір каналдардың ұзындығы 40 шақырымға дейін жетті.
Ұйғырлар негізінен көкөніс, дәнді дақылдар өсірумен айналысты. Олардың егіс далалары шағын бола тұрса да алуан түрлі дақылдардың 4-5, ал неғұрлым ауқатты отбасылары 12 түріне дейін екті. Дәнді дақылдар арасында бидайдың, арпаның, тарының және сұлының үлесі көбірек болды. Суы мол жерлерде күріш өсірілді. Сондай-ақ майлы дақылдар (қарасора, кендір, қыша) егілді. Жоңышқа егу де елеулі көлемде болды. Ұйғырлар сонымен қатар бау-бақша екті, жібек құртын өсірумен айналысты. Ұйғырлардың аулаларында жеміс ағаштары көп өсірілді. Мал шаруашылығы қосалқы кәсіп сипатында болды. Жұмыс көлігі ретінде өгіз, жылқы және есек ұстады.
Сыртқа барып жұмыс істеуде жүк тасу кәсібімен көбірек айналысты. Ұйғырлар алыпсатарлықты да кәсіп етті. Олар Верныйдан Ташкентке тауар алып барып сатты. Олардың қалалар мен селоларда түрлі қолөнер кәсіпшіліктері де дамыды. Жаркент пен Верный қалаларында тұратын ұйғырлар етік тігумен, темір ұсталығымен, зергерлікпен, сабын қайнатумен т.б. әртүрлі кәсіптермен айналысты. Бай ұйғырлар кейін казактар мен орыс шаруаларынан және жергілікті қазақтардан жер телімдерін жалға алып отырды. XX ғасырдың бас кезінде ұйғырлардың су диірмендері, темір ұстаханалары, май шайқайтын, былғары жасайтын, тон тігетін және тері илейтін шағын зауыттары болды. Олардың дүкендері, асханалары, күріш ақтайтын шеберханалары да бар еді. Атақты бай ұйғырлардың бірі Верный уезінің Жаркент болысында тұратын Уәли Ахун Юлдашев болды. Оның бір өзі 10 мың десятинаға жуық жерді жалға ала алатын. Ол сонымен қатар астық саудасын да өз монополиясына айналдырып үлгерді. У. А. Юлдашев Англиядан алдырған пароходын Іле өзеніне алғашқылардың бірі болып жүргізді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет