Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет56/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   251
Басқарудың жаңа жүйесін енгізу. Басқарудың округтік жүйесі енгізілетін болды. Сөйтіп жаңа округтер құрылды. Округтер болыстарға бөлінді, ал болыстар ауыл әкімшіліктерінен тұрды. Әр округте 15-20 болыс, әр болыста 10-12 ауыл, ал әр ауылда 50-70 үй болатын болды. Сыртқы округтегілер Сібір қырғыздары (қазақтары. - а.вт.) облысына біріктірілді. Жаңа әкімшілік бірлігі орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кірді. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл қаласында орналасты.

Округтерді сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды болыстар, ал ауылдарды - ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылық және полицейлік қызметтерді қоса атқарды.
Әр округте аға сұлтан басқаратын Округтік приказ (мекеме) құрылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы тағайындайтын ресейлік екі заседателъ және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиісті болды. Ішкі күзет Сібір казактарынан іріктелді.
Басқарудың жаңа тәртібі мен әскер күшінің енгізілуі аға сұлтандар билігіне шектеу қойды. Аға сұлтанның билігі елде тек сөз жүзінде ғана қалды.



1822 жылғы реформа бойынша Орта жүздің әкімшілік құрылымы мен басқару жүйесі

Әкімшілік құрылым

Әкімшілік бірліктердің басшылары

Қанша жылға сайланған мерзімі

Ауыл әкімшілігі

Старшын

3 жылға

Болыстық

Болыс

Билікті мұрагерлікке қалдыру құқығы болды

Округ

Аға сұлтан

3 жылға






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет