Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет86/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Ұлы жүзде Ресей ықпалының артуы. Хиуа және Қоқан хандықтары билеушілерінің Ресейге деген көзқарасы өте нашар болды. Ортаазиялық билеушілер Ұлы жүз қазақтары арасында орыстарға қарсы бағытталған үгітті өрістете түсті.

Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды тездету және Орта Азияға қарай жақындай түсу мақсатымен Ресей империясы әскери бекіністер салуға кірісті. Ресейге қосып алынған жерлерде Аягөз, Ақтау, Ұлытау, Қапал бекіністері бой көтерді. 1848 жылы Ресей империясы Ұлы жүз үшін пристав (кішігірім әкім) лауазымды қызметін белгіледі. Пристав Батыс Сібір генерал-губернаторына тікелей бағындырылды. Оның міндеті жаңадан жаулап алынған Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймақтарына басшылық ету болды.
Ұлы жүз аумағына неғұрлым терендей ену арқылы патша үкіметі бірқатар стратегиялық маңызды міндеттерге қол жеткізуді көздеді. Біріншіден, Орта жүз бен Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуына, округтік приказдардың құрылуына наразы бірқатар сұлтандар мен батырларды бейтараптандыру қажет болды. Екіншіден, патша үкіметі Қытаймен шекараны нақты белгілеуге және өзіне тиімді қарым-қатынастар орнатуға мүдделі еді. Үшіншіден, патша үкіметінің Ұлы жүз жерінде бекіністі күшейтіп, одан әрі Орта Азия мемлекеттерінің аумағына қарай әскери күштерін енгізуді көздеді.
Ресей Іле сыртындағы өлкеде біржолата бекініп қалуға тырысты. Қазақтар империяның әскери күштерінің ілгері жылжуына қатты қарсылық көрсетті. Мәселен, дулат тайпасының қазақтары әскери экспедицияға түгелдей қарсы шықты. Патша үкіметі елдегі ықпалды билеуші топты сатып алу әдісіне көшті. Олардың жер дауына байланысты мәселелері ішінара шешілді. Шен-шекпендер, ордендер, айырым белгілері таратылды. Сондай-ақ ақша және бағалы сыйлықтар түрінде әртүрлі материалдық көтермелеу шаралары қолданылды.
1854 жылы Верный бекінісі бой көтерді. Сол жылы онда орыстардың 500 солдаты мен офицері орналасты. Келесі жылы Сібірден 400-ге жуық шаруа отбасы көшіріп әкелінді. Ұлы жүз приставының кеңсесі де осында орналасты. Уақыт өте келе бұл бекініс Жетісуды әскери күштердің отарлап алуының негізгі тірегіне айналды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет